Левандовский автокөлігі дөңгелексіз қалды...

Левандовский автокөлігі дөңгелексіз қалды...

Кеше дортмундтық «Боруссия» мен Польша ұлттық құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовский автокөлігінің белгісіз біреулер дөңгелегін ұрлап кеткен. Футболшының «темір тұлпары» үйінің алдында-ақ тұрған екен.

Қазіргі таңда 25 жастағы шабуылшының «Порше» автокөлігінің төрт бірдей дөңгелегін ұрлаған күдіктілер іздестірілуде. Бар күдік жергілікті жанкүйерлерге тірелуде. Өйткені дортмундтық клубтың фанаттары Левандовскийдің командадан кетпеуін қалаған-ды. Дегенмен футболшы осы қыстағы трансфер маусымында мюнхендік «Бавариямен» келісімшартқа қол қойған болатын.

Ал автокөліктің бір дөңгелегі 3 мың еуро тұрады екен.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай