Қорқынышты бетперде киген қақпашылар

Қорқынышты бетперде киген қақпашылар

Жақында ғана «Филадельфия» командасының қақпашысы Стив Мэйсон көпшілікке өзінің жаңа бетпердесін таныстырды. Ол қорқынышты фильмдерді қатты жақсы көргендіктен, жаңа бетпердесін зомбилардың бейнесінде жасатқан екен. Бүгін сіздерге Ұлттық хоккей лигасында «қорқынышты» бетперде киген қақпашылардың үздік бестігін ұсынамыз.

1. Жиль Граттонның «жолбарыс ауызы»

Біріншіліктің кезекті ойынына шығатын кез келген шабуылшы жолбарыс ауызды қақпашыны көруге дайын емес еді. Шамасы «Нью-Йорк Рейнджерс» командасының қақпашысы Жиль Граттонның өзі де солай ойлайтын шығар. Ол дулығасына бейнеленген осындай ерекше стильді өзі ойлап тапқан. Бетперде сырт көз үшін көзтартарлықтай әдемі көрінеді.

2. Гарри Симмонстың «кобрасы»

«Калифорния Голден Силз» командасының қақпашысы Гари Симмонстың бетпердесінде көзінің үстін бойлай бейнеленген үлкен жылан біраз дау-дамай тудырған екен. Ол карьерасын бастамай тұрып-ақ, әуесқой клубтарда ойнап жүрген кезінде «Кобра» деген лақап атқа ие болған. Әрине оның жыландарға еш қатысы жоқ. Бірақ оның бетпердесіндегі сурет көп шабуылшының есінде қалып кетті.

3. Гарри Бромлидің «бас сүйегі»

Бұл қақпашы өз стилі жөнінде көп ойланып, бас қатырып жатпаған. Жанкүйерлер оның түр-тұрпатына қарап «қаңқа» деп атап кеткен көрінеді. Ол тек шайбадан қорғанған қақпашының бейнесіне аз ғана штрих үстемелеген. Гарри Бромли тек қана ерекше бетпердесімен есте қалған жоқ, сонымен қатар «Баффало Сэйбрз» және «Ванкувер Кэнакс» арасындағы ойынға қатысуымен белгілі.

4. Зомби Стив Мэйсон

Біздің заманымыздың батыры - «Филадельфия Флайерз» командасының қақпашысы Стив Мэйсон. Оның зомби кейпіндегі бетпердесі жөнінде жоғарыда айтып өтен болатынбыз. Қақпашының бетпердесінің бір ерекшелігі сол, Клод Жиру, Якуб Ворачек, Уэйн Симмондс, Скотт Хартнелл және Рэй Эмери сынды әріптестерінің «өлі кейіптегі» бейнесі салынған. Жолдастарының бұған қалай қарағанын білмейміз, бірақ дулыға өте әдемі әрі айбарлы көрінеді.

5. Джерри Чиверстың бетіндегі «тыртық»

«Бостон Брюинз» командасының даңқты қақпашысы Джерри Чиверс бостондық клубта 12 маусым өткізіп, хоккейдегі «хоррор-стилін» қалыптастырған ойыншы. Ол қарама-қарсы команда ойыншыларының назарын аудару үшін, әрі қызықтыру үшін бетперде киген ең бірінші адам еді. Бәрі де жаттығулардың бірінде Чиверстің бетіне шайба тигендей кейіп танытып, мұз айдынын тастап кеткенінен басталады. Команданың бас бапкері дәрігерлерімен бірге ашу шақыра жетіп келеді. Аздан соң жаттықтырушы жалқау қақпашыны алаңға қайта шығарады, ал дәрігерлер болса бояулы қарындашпен "жарақат алған қақпашының" бетіне тыртық салып жібереді. Бұл Чиверске қатты ұнап қалып «екінші бетін» кескілеп, жаңа образға енеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: oxyxo.ru

Н. Айдархан