Бапкер егіз ойыншыларын ажырата алмай жүр

Бапкер егіз ойыншыларын ажырата алмай жүр

Ағылшынның «Норвич» футбол клубының бас бапкері Крис Хьютон командасындағы егіз футболшылар Джейкоб және Джош Мерфилерді ажырата алмай қалады екен. Ол футболшыларды анықтау үшін әр түсті бутсы киюді тапсырыпты.

- Мен егіз футболшыны бетпе-бет тұрғанда енді ажырата алатын болдым. Алайда алаңда жүргенде ажырату мүмкін емес. Сондықтан да екеуінің екі түсті бутсы киіп ойнауын өтіндім – деді бапкер. Ал бұл туралы Джош:


- Біз кеше ағылшын Кубогы жолындағы «Фулхэмге» қарсы кездесуге әр түсті бутсы киіп шықтық. Менікі сары, ал Джейкобтікі көк болды. Бапкер сол белгімізден ажыратып отырды. Толық ажырататындай болған кезде бірдей түсті бутсылар киетін боламыз – деді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru

Ө. Сансызбай