Роналдудың 2013 жылы соққан барлық голы (видео)

Роналдудың 2013 жылы соққан барлық голы (видео)

Аталған видеороликте мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың 2013 жылы соққан барлық голдары мен нәтижелі пастары ұсынылуда...

Өтіп бара жатқан жылда 28 жастағы португалдық сұрмерген 69 гол соғып, 17 нәтижелі пастың авторы атанған екен. 

Естеріңізге сала отырсақ, Криштиану Роналду Месси мен Риберимен бір қатарда "Алтын допқа" үміткер саналады.

Ертеректе Криштиану Роналду өз құрметіне мұражай ашқан болатын. Мұражай Роналдудың дүние есігін ашқан, алғаш спорттық жолын бастаған Португалияның Мадейра аралында ашылды. Мұражайға 28 жастағы футболшының жұлдыздық карьерасына байланысты жетістіктері, естелік сыйлықтары, суреттері мен жүлделері қойылған-ды.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: sport.news.am 

Л. Лига