Бундеслиганың 15-турындағы ең қызықты сәттер (видео)

Бундеслиганың 15-турындағы ең қызықты сәттер (видео)

YouTube-тағы Бундеслиганың ресми каналы Германия чемпионатының 15-турында орын алған тосын іс-әрекеттер мен керемет қызықтарды ұсынуда...

Ертеректе неміс Бундеслигасы Еуропаның бес көшбасшы – Англия, Испания, Германия, Италия және Франция біріншіліктерінің ішінде ең көп гол соғылатын чемпионат болып табылаған еді. Неміс клубтары орта есепте бір ойында 3,26 голдан соғып отырады екен. Бұл көрсеткіш бойынша, аталған біріншіліктерден оқ бойы алда келуде. 

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін Астана уақытымен 00:45-те Чемпиондар Лигасының топтық кездесулері аясында мюнхендік "Бавария" командасы өз алаңында манчестерлік "Манчестер Ситиді" қабылдайтын болады. Қос мықтының арасындағы талас-тартыс нағыз қызыққа айналуы мүмкін...

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: activebet.ru

Л. Лига