Мессидің "сәтсіз" жарнамасы ма? (видео)

Мессидің "сәтсіз" жарнамасы ма? (видео)

Каталондық «Барселона» командасының көшбасшысы Лионель Месси мен баскетбол жұлдызы Коби Брайант «Turkish Airlines» әуекомпаниясының кезекті жарнамасына түсті.

Бүгінгі таңда смартфон арқылы өзін суретке түсіріп, әлеуметтік желі немесе интернет беттеріне шығару әдетке айналып үлгергені анық. Сондай әлеуметтік желінің бірі – Instagram. Қазір бұл жүйеге 53 миллиондай сурет жүктеліп үлгеріпті. Ал осы смартфон арқылы өзін-өзі суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялау – ағылшын тілінде «selfie» деген сөзге ие болып, Оксфорд сөздігінің «жыл сөзі» құрметіне лайық болып танылған-ды. Дәл осындай негізде түсірілген жарнама аргентиналық футболшының «Қызыл алаңда» өзін суретке түсіріп, Коби Брайантқа жіберуі арқылы басталады.

Лионель Месси мен Коби Брайант «Turkish Airlines» әуекомпаниясының жарнамасына алғаш рет түсіп отырған жоқ. 2012 жылдың желтоқсан айында да жарнамада бірге өнер көрсеткен болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: rus.delfi.lv 

О. Сансызбай