Давид Луис – әлемдегі ең көңілді футболшы (видео)

Давид Луис – әлемдегі ең көңілді футболшы (видео)

Лондондық "Челси" командасының бразилиялық қорғаушысы Давид Луис әлемдегі ең көңілді футболшылардың қатарында. Ол әрқашан жанында жүрген достарын күлкіге қарық қылып жүретін көрінеді.

2011 жылы лиссабондық "Бенфикадан" "ақсүйектер" қатарына ауысып келген футболшы команда қатарында өзін көрсете білді. Роман Абромович командасының тас қамал қорғаушысына айналды. Команда сапында 68 кездесу өткізіп, 6 рет көзге түсті. Бірнеше рет өзге клубтар келісімшарт ұсынғанымен, "Челсиді" таңдаған қорғаушы бапкерлерімен тіл табыса білді. Ол сонымен қатар командадағы ең әзілқой футболшы саналады. Оны төмендегі видеороликтен тамашалай аласыздар.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: footboom.com 

Ө. Сансызбай