Франц Беккенбауэр Мессиге капитандықты табыстауда (видео)

Франц Беккенбауэр Мессиге капитандықты табыстауда (видео)

Каталондық «Барселонаның» аты әйгілі шабуылшысы Лионель Месси Samsung Galaxy смартфонының кезекті ролигіне түскен. 

Видеороликте "Алтын доптың" төрт дүркін иегеріне футболда даңқ пен дақпыртқа аты жалғас неміс ойыншысы Франц Беккенбауэр қолына капитандық белгіні табыстайды. Өзге планеталықтармен өтетін әлемді құтқару ойынында аталған ойыншыға көшбасшылық сеніп тапсырылған.

Команданың жеке сайты хабарлап отырғандай, "блаугрананың" шабуылшысы өз командасына екі ай көмектесе алмайтын болып отыр. Кеше команданың медициналық тексеру орталығы футболшының 6-8 апта көлемінде алаңға шықпайтынын хабарлады. Соңғы мәліметтерге сенсек, сол аяғының сіңірі жарақаттанған көрінеді. Алғашқы емдеу шаралары Барселонада өтсе, екінші емдеу кезеңі Буэнос-Айресте жалғасын таппақ екен. 


Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sport.news.am

Л. Лига