Футбол әлемі (видео)

Футбол әлемі (видео)

Футбол әлемінде орын алған соңғы қызықтармен бөліскіміз келеді. Төмендегі видеоларға назар аудара отырыңыз:

Tuttomercatoweb.com хабарлауынша, «Барселона» мен «Манчестер Сити» клубтары «Малаганың» 14 жасар ойыншысы Брахимаға талас қылып жатқан көрінеді. 

Жас дарын өз жасы аралығында әлемдегі ең бір талантты футболшылардың қатарынан саналады. Өткен жылы каталондық клуб ол үшін 2,5 млн фунт ұсынып көріпті, алайда, кері жауап алған. 

Жыл сайын АҚШ-та студенттер арасындағы футбол біріншілігі өтіп тұрады. Таяуда Файрфилд университетінің қақпашысы Айона университетініне қарсы өткен ойында кешірілмейтін қателік жіберген. 

Ойын Айона университетінің пайдасына 2:1 есебімен аяқталыпты. 

Бразилиялық «Сан-Паулу» клубының қақпашысы Рожерио Сени ел біріншілігінің кезекті бір турында техникалық шеберлігін көрсетіп отыр. «Наутика» командасына қарсы өткен ойында допты қарсыластың ойыншысының үстінен өткізіп жіберген. 

Естеріңізге сала отырсақ, қырықтың қырқасына шыққан Сени айып доптарын орындаумен аты шыққан жан және еншісінде 100-ге жуық гол бар. 

Англия чемпионатының екінші дивизионында «Вулверхэмптон» - «Олдхэм» командалары кездесуінде төтенше жәйт орын алған.  

Тартысты сәттердің бірінде алаң иелерінің ойыншысы Джеймс Хенри салмақсыздыққа ұшырап, «Олдхэмнің» бас бапкері Ли Джонсонмен соқтығысып қалған. Жай соқтығысып қоймаған, бапкерді шала кеткенге ұқсайды.

Каталондық «Барселонаның» аргентикалық шабуылшысы Лионель Месси аталған клубтың бапкерлік қосынының өкілдерімен баскетбол ойнауда... 

Аргентиналық шебер тек футбол алаңында ғана емес, баскетболда да өз білігін байқата алатынын дәлелдеді. Пепе Костаны жеңген сәтін Instagram-дағы парақшасына салып отыр екен. 

"AFC CUP" турнирінде «Аль-Файсали» (Кувейт) - «Аль-Кудсия» (Иордания) комадалары арасындағы кездесуде әдемі гол соғылған.

Қонақ иелері шабуылшыны айып алаңына шығару үшін 25 пас жасаған (каталондықтар секілді). Осы голдың арқасында «Ал-Кудсия» екі матчтың қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңіске жетіп, келесі айналымға шығып отыр. 

"AFC CUP" турнирі Еуропа Лигасына ұқсас келеді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: vk.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?