Неймар нарыққа өз қуыршағын шығарды

Неймар нарыққа өз қуыршағын шығарды

Каталондық "Барселона" мен Бразилия ұлттық құрамасының шабуылшысы Неймар нарыққа өз қуыршағын шығарып отыр, деп хабарлайды Daily Mail.

Қуыршақтың құрамдас бөлігі болып 21 жастағы футболшының шаш үлгісі мен сырғасы табылады. Қуыршақты (ұзындығы 42 сантиметр) "Cosmokids" компаниясы өндіріп отыр. Қуыршақтың таралымы - 12 мың, бағасы - 60 еуро.

Ертеректе оңтүстік америкалық аяқдоп шебері танымал актриса Бруна Маркезиниге Globo телеарнасының тікелей эфирінде сүйетінін жайып салған болатын. Онда ол арақашықтық әр уақытта қарым-қатынасқа кедергі келтіретінін, бірақ, бәрін жеңіп шығатынын айтып еді.  


Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: dailymail.co.uk

Л. Лига