Келешекте доп қандай болуы мүмкін? (фото)

Келешекте доп қандай болуы мүмкін? (фото)

Мексикалық «Agent» студиясының дизайнері ойын кезінде түсін өзгертетін доптың ерекше түрін ойлап тапты. Бұл доп келешекте қолданысқа еніп жатса таңғалмаңыз...

Ерекше допты жасап шыққан дизайнердің айтуынша, допқа соққының жылдамдығы мен күшін анықтап беретін арнайы құрылғылар орнатылатын көрінеді. Сонымен қатар, орнатылған арнайы құрылғы доптың ұшу бағыты мен түскен жерін де дәл анықтап береді екен. Доп футболда даулы сәттерді (аут, қақпа сызығы, қолмен ойнау) шешуге өз септігін тигізбек.

Мексикалық дизайнер алдағы уақытта допқа бейнекамера орнатуды да көздеп отырған көрінеді. Онда доп түсін өзгертіп қана қоймай, ұшу сәтіндегі көріністі де бейнеге жазып бермек. Жұмсақ пластмассадан стандарт жасалған доп желдің әсерінен де бағытын өзгертпейтін күшке ие екен.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: footballmirror.ucoz.ru

Ө. Сансызбай