Зиданның үздік голы (видео)

Зиданның үздік голы (видео)

Зиннедин Зидан спорттық мансабындағы үздік голын жанкүйерлеріне жариялады. Ол бұл голды 1998 жылы салған екен.

Қазіргі таңда мадридтік «Реал» командасының бас бапкері Карло Анчелоттидің көмекшісі қызметін атқарып жүрген әйгілі футболшы өзінің спорттық мансабындағы үздік голын 1998 жылдың 28 ақпанында Норвегия қақпасына соғыпты. Бірақ, кездесу 3:3 есебімен аяқталған. Ал Зидан: "бұл гол - менің ең үздік голым" деп жақында жанкүйерлеріне мәлімдеді. Сонымен қатар, бас бапкердің көмекшісі қызметін атқара жүре өзіне тәжірибе жинап жүргенін де жасырмады. Келешекте бір команданың тізгінін де ұстау ойында бар екен.

Сонымен қатар, Зиннедин Зидан "бұл маусымда "Алтын допты" кім алады деп ойлайсыз" деген сұраққа: "бұл атақты алу жолында Роналду мен Рибери көбірек тер төкті. Алайда мен мюнхендік команда футболшысы алады деп ойлаймын. Өйткені ол өткен маусымда 3 бірдей межені бағындырды" - деп жауап берді.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport-xl.net

Ө. Сансызбай