Швайнштайгердің баскетболдағы шеберлігі (видео)

Швайнштайгердің баскетболдағы шеберлігі (видео)

Германия ұлттық құрамасы мен мюнхендік "Баварияның" жартылай қорғаушысы Бастиан Швайнштайгер футбол добымен ғана емес, сонымен бірге баскетбол добымен де өз шеберлігін көрсете алады екен. Неміс футболшысы үш ұпайлық иеліктен баскетбол торына түсіре алған. 

Ертеректе Францияның атақты спорт басылымдарының бірі France Football журналы  ең көп жалақы алатын аяқдопшылардың тізімін жариялаған болатын. Бұл тізімде Англия, Испания, Италия, Германия біріншілігінде доп теуіп жүрген футболшылар аталып еді. Сонымен, әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшылардың қатарында Бастиан Швайнштайгердің де аты аталған. Еуропаның үздік ойыншыларының бірі жылына 14 миллион еуро табыс табатын көрінеді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: tempo.co

Л. Лига