Олимпиаданың алтын медальдары сапасыз ба?

Олимпиаданың алтын медальдары сапасыз ба?

Соңғы жылдары Қазақстан әлемдік спорт аламандарында үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Алтын алсақ, тақиямызды аспанға лақтырамыз, күміс медаль алсақ, қуанышымыз қойнымызға сыймай жатады. Бірақ сол медальдардың сапасы жайлы ойланып көрдіңіз бе? Әрине, оның сапасында тұрған ештеңе жоқ, бастысы жеңіс, батысы жетістік деуіңіз әбден мүмкін. Дегенмен, мұны білген де жөн...

Олимпиадалық алтын медальдардың 1,5%-ы ғана алтыннан тұрады. Ал күміс медальдің 93%-ы күмістен жасалады екен.


Олимпиадалық алтын медальдардың құрамы әрбір дода сайын өзгеріп отырады. Мәселен, 2012 жылы алауы сөнген Лондон Олимпиадасындағы алтындар – тарихтағы ең үлкен медальдар. Ондағы әрбір алтын 400 грамм болатын, оның 394 грамы стерлигті күміс, ал 6 грамы қаптауға арналған алтын. Бұл дегенің, бір медальдің бағасы – 624$ тұрады деген сөз (алтын – 304$, күміс – 320$).

Әрине, спортшылар қауымы ашық бәссаудада өздерінің медальдары үшін одан да көп баға қоюы мүмкін. Мәселен, хоккей командасының мүшесі Марк Уэллс 2012 жылы өз медалін (1980 жылы жеңіп алған) 310 700$-ға сатты. Бұл ақша оған өте қымбат тұратын ем-домға керек болған екен.

Мұндай сәттілік екінің біріне бұйырмайды. Еркін жүзуден 2000 жылы әлем чемпионы атанған Энтони Эрвин жүлдесін 17 100$-ға сатып жіберді. Ол қаржыны Үнді мұхитындағы цунамиден зардап шеккендерге жұмсаған. 

Алтын медальдардың құрамында әрдайым күміс бола бермейді: 1912 жылға дейін олар таза алтыннан жасалатын, бірақ заманауи медальдардан әлдеқайда кіші еді. 1900 жылғы бір медальдің диаметрі – 59 мм, қалыңдығы – 3,2 мм, салмағы – 52 гр болды. Салыстырма ретінде айта кетейік, Лондон Олимпиадасындағы медаль диаметрі – 85  мм, қалыңдығы – 7 мм еді. Ерте кездердегі алтын медальдардың бағасы – 2685$ құраса, қазіргі медальдар дәл осы құраммен жасалғанда, 20 266$ болушы еді.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, күміс жүлденің 93%-ы күмістен құралған, оның 7%-ы мыстан, бағасы – 330$. Қола медальдар негізінде мыстан, аздаған мырыш пен қалайы қосындысынан жасалады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: yvision.kz,azattyq.org, newskaz.ru 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс
Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
8 сағат жұмыс, 8 сағат ұйқы және 8 сағат демалыс: адамзат бұл жеңіске қалай жетті?
8 сағат жұмыс, 8 сағат ұйқы және 8 сағат демалыс: адамзат бұл жеңіске қалай жетті?