Жанкүйер күтпеген голдар – 2

Жанкүйер күтпеген голдар – 2

"Жақсы қақпашы – жарты команда". Назарларыңызға өткен аптада қақпашылар қателігінен орын алып, жанкүйер қауым күтпеген голдарды ұсынамыз. 

1. Матуш Козачик ("Виктория Пльзен")

kozacik-gif-021013.gif

Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің екінші кездесулеріндегі "ЦСКА" мен "Виктория Пльзен" арасындағы қонақтар қақпашысы Матуш Козачиктің қателігінің салдарынан мәскеулік команда қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түскен еді.

2. Каспер Шмейхель, ("Лестер")

Ағылшын Чемпионшипында "Лестер" қақпашысы Каспер Шмейхельдің қателігінен кейін команда "Донкастерден" 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

3. Александр Беленов, (Кубань)

Еуропа Лигасындағы "Кубань" қақпашысы Александр Беленовтың өрескел қателігі жанкүйерлер күтпеген голдардың біріне айналды. Нәтижесінде "Валенсия" қарсыластарын 2:0 есебімен жеңді.

4. Жофре Журдрен, ("Монпелье")

"Монпелье" өз алаңында "Лионнан" 5:1 есебімен басым түсті. Ал қонақтардың жалғыз голы қақпашы қателігінен кейін орын алды. 

5. Алексей Солосин, ("Урал")

26 жастағы "Урал" қақпашысы Алексей Солосиннің қателігі уругвайлық футболшы Перейраның доп авторы атануына септігін тигізді.

6. Гильермо Сара, ("Бетис")

gol_betisu.gif

Ла-Лиганың өткен турында "Бетис" өз алаңында "Хетафеден" 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Кездесудегі голдар қақпашы қателігінен орын алды. 

7. Джо Харт, ("Манчестер Сити")

hart_bavariya.gif


Англия ұлттық құрамасының қақпашысы Джо Харт соңғы кездесулерінде үлкен қателіктерге бой алдыруда. Біріншісі Чемпиондар Лигасында болса, екіншісі "Эвертонмен" болған кездесуде орын алды. Енді ағылшын құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон қақпашы туралы жаңа шешімдер қабылдауы ғажап емес.

Жаз кезінде орын алған дәл осындай топтамадағы голдарды біз осыған дейін назарларыңызға ұсынған болатынбыз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: footballtop.ru

Ө. Сансызбай