Джек Уилширдің таңғаларлық дәлдігі (видео)

Джек Уилширдің таңғаларлық дәлдігі (видео)

Лондондық «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Джек Уилшир қызықты бір видеороликте алыс аймақта тұрған үш бірдей қоқыс жәшігіне соққы бағыттайды және бағытталған соққының бірде-бірі мүлт кетпейді...

Уилширдің мұндай фантастикалық дәлдікке иелік етуі мүмкін немесе таспаны өңдеп шығарған. 

Ағылшын футболының аты аңызға айналған ойыншысы Дэвид Бекхэмнің де ертеректе дәл осы іспетті аяқ доп шеберлігін көрсеткен бір бейнетаспасы бар. Онда футбол әлемінің жұлдызы керемет шеберліктің бір қырын көрсете кетеді. Жалпы алғанда, футболда таңғаларлық сәттердің көптеп кездесіп жататыны анық, алайда, дәл осындай дәлдіктің қайта орын алып жатуы тіптен таңдай қақтырарлық-ақ.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: bola.liputan6.com

Л. Лига