"Greenpeace" қозғалысының мүшелері футбол матчын тоқтатты

"Greenpeace" қозғалысының мүшелері футбол матчын тоқтатты

Кеше "жасылдар" қозғалысы "Базель" мен "Шальке-04" клубтары арасындағы ЧЛ топтық кезеңі аясында өткен матчты бес минутқа дейін тоқтатып тастады, деп хабарлайды "ВВС Ресей қызметі".

Ойынның төртінші минутында аталған ұйымның бірнеше өкілі «Сент-Якоб Парк» стадионының шатырынан арнайы арқан көмегімен алаңға түсіп, сол кезде олар "Арктиканы бүлдірмеңдер" атты жазуы бар арнайы матаны да көпшілікке көрсетіп үлгерді. Кейін матч қайта жанданды.  

"Greenpeace" ұйымының бұл акциясы "Шальке" клубының демеушісі ресейлік "Газпром" компаниясына қарсы ұйымдастырылғанын да айта кетейік. 

Одан бөлек, осыған дейін қозғалыстың басқа да белсенділері "Газпром мұнай шельф" компаниясының Арктикадағы мұнай платформасына дейін жетіп наразылықтарын білдірген болатын.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: ria.ru

Б. Қосмағамбет