Айрықша орындалған айып добы

Айрықша орындалған айып добы

Немістің төменгі дивизиондарының бірінде айып добын орындау сәтінде ерекше бір көрініс орын алған. Алты бірдей адам айып добына жақындап келген... Қарсыластың қақпашысы кімнің соққы бағыттағанын да білмей қалыпты...

Неміс футболының 4-ші деңгейлі дивизионы саналатын аймақтық "Батыс" лигасында «Ваттеншайд 09» бен «Рот-Вайсс Эссен» командалары кездесу өткізген. Айып добын орындау сәтінде қос ұжымның бірі өзгеше өнер көрсетсе керек. 

Қонаққа барған «Рот-Вайсс» командасының ойыншылары айып добын орындау сәтінде доп төңірегінде топтаса қалған. Қарсы командаға кімнің доп тебетінін жұмбақ қылғысы келіпті. Ақырында қарсылас жақтың қақпашысы кімнің соққы жасағанын білмей де қалыпты. 

Төрелігін бере отырсақ, бағытталған соққы еш қулықсыз-ақ қақпа торына бағытталар еді. Ойын 2:2 есебімен аяқталыпты.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: footboom.com 

Л. Лига