Моуринью "Челси" ойыншыларына теледидар сыйлауда

Моуринью "Челси" ойыншыларына теледидар сыйлауда

Лондондық "Челсидің" бас бапкері Жозе Моуринью ағылшын Кубогы жолында "Суиндонмен" өткен кездесуде команданың қосалқы құрамында қалған ойыншыларға теледидар сыйлады, деп хабарлайды The Daily Mail.

Португалдық маман қос клубтың да ("Суиндон" мен "Челси") демеушісі болып табылатын Samsung компаниясынан сый қабылдаған. Өз орнына келіп жайғасқан соң, Моуринью теледидарды қосалқы құрамда қалған Андреа Шюррле мен Рамиреске берген екен. 

Алайда, Рамирес сол сыйлыққа иелік етіп үлгерместен, ойынның 10-минутында жарақат алып қалған Марко ван Гинкелдің орнын ауыстырыпты.

Ойын "Челсидің" пайдасына 2:0 есебімен аяқталған. "Ақсүйектер" сапынан Фернандо Торрес (29-минут) пен Рамирес (35-минут) көзге түсіпті. Бұл ретте бразилиялықтың да жарақатына байланысты, үзілісте орнын Джон Терриге босатқанын айта кеткіміз келеді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: sport.bigmir.net; dailymail.co.uk 

Л. Лига