Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / "Қазақша күресің" қалай, қазағым?

"Қазақша күресің" қалай, қазағым?

Қазақша күрес – қазақ халқының ерте кезден қалыптасқан спорт ойындарының бірі. Басқа халықтардың ұлттық күрес түрлерімен салыстырғанда қазақша күрестің өзіндік ерекшеліктері көп.

Кеңес дәуіріне дейін қазақша күрес негізінен әдет-ғұрыпқа байланысты және еңбек процестерінде жеткен жетістіктерін дәріптейтін жиын-тойларда өткізілді. Бұрын қазақша күрес «Күш атасын танымайды» деген түсінікпен салмағына, дәрежесіне, жасына қарамай өткізіле берген. Тіпті, ағасы мен інісі күресіп қалатын кезі де болған. Сондай-ақ, күрестің белгілі бір жүйеге түскен белдесу ережесі де болмаған. Күреске түскендер үлкен-кішілігіне қарамай, қайсысы күшті болса, сол жеңіске жеткен. Жиын-тойларда ғана күш сынасып қоймай, кім жеңеді деп егеске түскен екі балуан кездескен жерде ат үстінен түсе қалып, белдесе кететін болған. Ел ішінде атақтары жайылған Қажымұқан, Балуан Шолақ, Битабар т.б. осындай алып балуандар болды.

Қазан төңкерісіне дейін ас беру, қыз ұзату, күзем алу, наурыз сияқты жиын-тойларда белдесу күресі өтетін жерге арнаулы текемет төселіп, балуандар күресуге шыққанда, аяқтарына мәсі киіп немесе жалаң аяқ шыққан. Үстеріне тізеден төмен түсетін шапан киіп, беліне екі-үш қабат белбеу байлаған.

Төреші күресуге шыққан балуандарды қолдарын айқастыра ұстап белдестіреді. Бұл белдесуді қазақтар «қоян-қолтық ұстасу» деп атайды. Белдесу барысында, ереже бойынша, қолды белбеуден босатуға болмайды.

Қазақша күресте қолданылатын әдіс-тәсілдердің негізгі түрлері мыналар:

–  Иықтан асыра лақтыру әдісі (лақтырылған балуан құламай орнында тұрып қалуы керек);

–  Әдіс қолданған балуан өзі құлай беріп, қарсыласын астына түсіру;

–  Қарсыласын жамбасқа салып жығу;

–  Іштен шалып жығу;

–  Сырттан шалып жығу;

– Қарсыласын қырқа шалып жығу (артқа құлату).

Күрескен кезде, қолдануға рұқсат берілмейтін әдіс-тәсілдер:

–  Белдесе күресу барысында қолды белбеуден босатуға болмайды (тек әдіс қолданғанда ғана бір қолды босатуға рұқсат етіледі);

–  Қарсыласын ұруға, итеруге болмайды;

–  Тамақтан, саусақтан, құлақтан ұстауға болмайды;

–  Лақтырған кезде қарсыласын жерге басымен түсіруге рұқсат етілмейді;

–  Құлап түскен қарсыласының аяғын, қолын, т.б. мүшелерін бұрауға болмайды;

–  Белбеуден басқа киімнен ұстауға рұқсат етілмейді;

–  Астында жатқан қарсыласын тіземен, шынтақпен нығарлап басуға болмайды;

–  Қарсыласына белбеуден ұстамай қолданған әдіс-тәсілді орынды деп есептемейді.

Белдесу барысында жеңіске жеткен балуан орнында қалады. Егер ол өзімен белдесуге шыққан жаңа балуанмен күресуден бас тартып, басқамен күресемін десе, онда оған рұқсат етіледі. Бірақ соңында жеңімпаз аталатын балуан біреу ғана. Оның барлық кездесуде де жауырыны жерге тимеуі керек.

Жалпы белдесу барысында қарсыластардың біреуі жығылып, жауырыны жерге тисе және қарсыласы оның басынан аттап кетсе, ол жеңілген болып есептеледі. Егер де, қарсыластың біреуі әдіс қолданғанда, екіншісі оған қарсы әрекет жасап, екеуі бірдей құлап түссе, онда бұл белдесу «итжығыс» (ешқайсысы жықпаған) деп аталады. Мұндайда, төреші оларды қайта күрестіреді.

Бұрын белдесу барысында тең түсу немесе ұпай санымен ұту деген болмаған. Белдесудің уақыты шектелмегендіктен, міндетті түрде қарсыластың біреуі жеңіске жеткен.

Жоғарыда баяндалғанның бәрі сонау ықылым заманнан бері келе жатқан дәстүрлі спорт ойындарының ерекшеліктері саналады.

Қазақша күрестің дәстүрлі белдесуі 1950 жылдардан бері қарай мүлде өзгеріп кетті десе де болады. Қазір бұл ойын «қазақша күрес» деп аталғанымен, күрес түрі айла-тәсілдері жапонның «дзю-до» деп аталатын күресіне ұқсап шықты. Оны мынадай белгілер арқылы байқауға болады:

Біріншіден, балуандар кілем үстіне шыққанда «қоян-қолтық ұстасып» белдеспейді, жапон күресіндегі сияқты кілем үстінде еркін жүріп күреседі. Олар бір-бірінің қай жерінен ұстаса да, өз еркілерінде.

Екіншіден, бұрынғы қазақша күрестің ережесінде ұпай санымен жеңісті анықтау ережесі енгізілді.

Үшіншіден, тең аяқталған белдесу түрі де пайда болды. Кейде төрешілер жеңісті айырықша қайсарлық көрсеткен балуанға береді.

1971 жылдан бері қазақша күрестен үлкен нәтижелерге жеткендерге берілетін «Қазақстан спорт шебері» деген атақ белгіленді. Жарысқа қатысатын балуандар міндетті түрде дәрігерлік комиссиядан өтеді және жарыс барысында дәрігерлік бақылауда болады.

Қазақша күресте балуандар 11 салмақ дәрежесі бойынша күреседі.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: alaman.kz,namys.kz 

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 25 қыркүйек 2013, 21:25
Пікірлер
+0
25 қыркүйек 2013, 22:14

Қазақша күресті әлемдік деңгейге көтерсек, күшті болатын еді!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.