Баспен шаламын деп үш тісінен айырылды

Баспен шаламын деп үш тісінен айырылды

Аргентиналық «Аргентинос Хуниорс» клубының 19 жастағы жартылай қорғаушысы Гаспар Иньякес «Бока Хуниорсқа» қарсы өткен ойында допты баспен қағамын деп қарсыластың шабуылын тоқтатыпты.

Қақтығыс ойын соңында (есеп 0:0) болған. "Бока Хуниорстың" шабуыл сәтінде Иньякес көп ойланып жатпастан, қарсыластың аяғына баспен секірген. Нәтижесінде, Ole хабарлап отырғандай, жартылай қорғаушы үш тісінен айырылып, сары қағаз алып тыныпты. Қарсыластың шабуылын, алайда, тоқтата алған болып отыр.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: decor-elite.com.ua 

Л. Лига