Роналдудың жұбатуы

Роналдудың жұбатуы

АҚШ-та өткен Іnternational Champions Cup финалындағы мадридтік "Реал" мен "Челси" арасындағы кездесуде Роналду алаңға шыққан жанкүйерін жұбатты. Бұл әсерлі сәтті әлемнің көптеген басылымдары жарыса жазуда. 

Кеше өткен финалдық кездесуде "корольдік клуб" лондондық "Челсидан" 3:1 есебімен басым түсті. Ойынның 13 минутында мадридтік қорғаушы Марсело есеп ашса, араға 4 минут сала Рамирес есепті теңестірді. Кездесуде Криштиану Роналду дубльмен көзге түсті. Мадридтік клубтың тізгінін жақында ғана ұстаған Карло Анчелотти алғашқы жүлдесіне қол жеткізіп отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай