Балотелли тағы да бір өнерін танытты (видео)

Балотелли тағы да бір өнерін танытты (видео)

Футболдан Италия құрамасы мен "Милан" футбол клубының шабуылшысы Марио Балотелли жанкүйерлеріне тағы да бір қырымен танылды. Ол Италияның әнұранын фортепианода ойнап шықты.

Марио Балотелли өзін теңбіл доптың ғана майталманы емес екенін жанкүйерлеріне айғақтағандай. Шабуылшы фортепианода да жақсы ойнайтынын дәлелдеді. Осыған дейін италиялық футболшы алаңдағы ойын өрнегі мен жасаған "ерліктеріне" сай "Супер Марио" деген атаққа ие болған-ды. Марионың әнұранды фортепианода орындаған сәтіндегі тыңдармандармандарының қатарында "Ювентустың" әйгілі футболшысы Андреа Пирло да болыпты.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: spettegola.com

Ө. Сансызбай