Жарықтан жылдам Месси

Жарықтан жылдам Месси

Әлемнің әйгілі футболшысы, төрт бірдей "Алтын доптың" иегері Лионель Месси adidas ұсынған f50 аяқ киімінің (бутсы) жарнамасына түсті. Бұл туралы испандық sport.es сайты хабарлап отыр.

Каталондық "Барселона" және Аргентина құрамасының шабуылшысы жарнамаға түсу кезінде арнайы жарықтармен жабдықталған костюм киіп, футбол ойнауға ыңғайлы саналатын f50 Adizero аяқ киімімен доп тепті. Бұл бутсы ең жеңіл әрі қатты жылдамдықпен жүгіруге қолайлы көрінеді. Жарнама "жарық жылдамдығымен" деген атауға ие болып отыр. 

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.es

Ө. Сансызбай