Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Еуропа футболындағы соңғы трансферлік жаңалықтар

Еуропа футболындағы соңғы трансферлік жаңалықтар

Еуропа футболындағы соңғы трансферлік жаңалықтар

Кәрі құрлықтан келіп жеткен футбол әлеміндегі трансферлік маусымға қатысты соңғы жаңалықтармен таныс болыңыздар.

«Челси» клубының тас қамал қорғаушысы Давид Луис мансабын каталониялық «Барселонада» жалғастыруы мүмкін.  

1

Давид Луис

Соңғы кезде «Барселона» бұл ойыншыға деген қызығушылығын ашық танытып жүр. Оған себеп те бар. 35 жасар Карлес Пуйоль жарақатына байланысты лазаретке тұрақты түрде түсетін болғандықтан, клуб оның орнын Хавьер Маскераноға ауыстыруға мәжбүр. Одан бөлек батыс басылымдарында әсіресе соңғы аптада «ПСЖ» клубының ойыншысы Тьяго Силваның каталондықтарға ауысуы мүмкін деген ақпараттардың жиілегені бар. Алайда ақырында трансфер жасалмайтын болып бұл сыбыстарға нүкте қойылды.

goal.com хабарлауынша, каталондықтар енді оның орнына басқа бір бразилиялық қорғаушы Давид Луиске назар аударған. Давид өзінің көрсетіп жүрген тұрақты ойынының арқасында клубта негізгі құрамнан орын алып жүргені белгілі. Бірақ кейбір басылымдардың жазуынша лондондық командаға биыл қайтып оралған Жозе Моуринью бұл қорғаушыны өз клубынан көрмейтін көрінеді. Дәлірек айтқанда Жозе бапкер Луисті сатып, оның орнына басқа бір тың қорғаушыны алмақ.

Бейресми ақпараттар бойынша қазір «Барселона» Луис үшін 29 миллион еуроға шығындалуға әзір. Алайда екі клуб арасында аталған футболшыға қатысты келіссөздердің болғандығы жөнінде нақты ақпарат жоқ.  

Одан бөлек, трансферлік маусым аяқталуға жақын қалғанда ағылшын премьер-лигасының белді клубының бірі «Ньюкасл» да өз қатарын жаңа футболшылармен толықтыруды ойластырып, жанталасып жатыр екен.

«Ньюкасл» басшылығы бұл жолы Франция біріншілігіндегі сұрмергендерінің бірі лиондық Бафетимби Гомиске құда түспекші.

2

Бафетимби Гомис

Sky Sports хабарлағандай, егер «Лион» клубы оны сатар болса,  «сауысқандар» шабуылшы үшін 6,9 миллион фунт стерлинг төлеуге әзір. Ал жалпы 27 жасар форвард пен «Лион» арасындағы келісім-шарт мерзімі келесі жылы аяқталады. Ал бұған дейін клуб онымен келісімді әрі қарай жалғастыруға мүдделі еместігін айтқан болатын. Сондықтан да Бафетимби Гомистің Англия жеріне қоныс аудару мүмкіндігі жоғары саналып отыр.   

Одан бөлек «Ньюкасл» тағы да бір француз форварды Лоик Ремиге де қызығушылық танытты. Жарты жыл бұрын ол биыл ғана премьер-лигадан ығыстырылған «КПР» клубына ауысып келген еді. Ал футболшының өзіне келер болсақ, ұлттық құрама сапына кіремін десе оған «Ньюкаслға» ауысу әлдеқайда тиімді болары анық. Осы себепті де «Ньюкасл» Ремидің алдағы маусымнан бастап клуб қатарына қосылатынына сенімді.

Және де соңғы жаңалық. Ол соңғы кезде жыры бітпей жүрген «Тоттенхэм» клубының көшбасшысы Гарет Бэйлге қатысты. Испан басылымдарының хабарлауынша мадридтік «Реал» лондондық команда келісім беріп жатса, бұл трансфер арқылы Бэйлды футбол тарихындағы ең қымбат ойыншы жасамақшы.

3

Гарет Бэйл

Сенбі күні кейбір БАҚ «Тоттенхэм» «корольдік клубқа» келісім бермейтіндігін айтып, ұсыныстан бас тартты деп ақпарат таратқан еді. Бірақ лондондық клуб футболшыны мүлдем сатпаймыз деп те отырған жоқ. Керісінше бағасын барынша көтеріп тастады. Кейбір ақпараттар бойынша клуб басшылығы Бэйлды сатып алам деушілерге 120 миллион еуросымен келсін дегенді айтыпты. Бұл дегеніміз футболда бұрын соңды ойыншы үшін төленіп көрмеген қаржы екені белгілі.  

Ал AS басылымының жазуынша, «Реал» Бэйлды басқаша жолмен құрығына түсіруге көшкен сыңайлы. Дәлірек айтқанда клуб футболшы үшін «Тоттенхэмге» 60 миллион еуромен бірге қорғаушы Фабиу Коэнтрау мен хавбек Анхель ди Марияны да беруге дайын. Соңғы екеуіне «Реал» өз уақытында әрқайсысы үшін 30 миллион еуроға шығындалған еді.

Ал ендігі оқиғаның қалай өрбитітін алдағы уақыттарда біліп қалармыз.

Айта кетейік, осы күнге дейінгі футбол тарихындағы ең қымбат трансфер «Реалға» тиесілі. Ол 2009 жылы «Манчестер Юнайтед» клубына Криштиану Роналду үшін 96 миллион еуро төлеген болатын. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: wsport.com.ua

1625 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 28 шілде 2013, 22:30
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...