«Тур де Франс» кімге қанша пайда түсірді?

«Тур де Франс» кімге қанша пайда түсірді?

Жексенбі күні велоспорттан Франция жерінде мәресіне жеткен «Тур де Франс» көпкүндігінде елордалық «Астана» командасы 26 540 еуро табысқа кенелді. Ал жалпы табыс көлемі бойынша командалық есепте 16 орынға тұрақтап отыр.

2013 жылғы «Тур-де-Франс» көпкүндігі соңғы он жылда алғаш рет бастан-аяқ Франция жерінде өтті. Биылғы жарыстың жеңімпазы 28 жастағы британдық спортшы Крис Фрум болды. Ал «Астана» сапынан команда капитаны Якоб Фульсанг жалпы есепте 7 орыннан көрінген болатын.

Сонымен, 2013 жылғы «Тур де Франс» кімге қанша пайда түсірді? Көш басын ағылшындық Sky командасы бастады. Олар жалпы 525 690 еуро табыс тапқан. Оның 450 000 еуросы жарыс жеңімпазы Кристоф Фрумға тиесілі болып отыр. Екінші орында Movistar Team командасы 344 980 еуро табыс тапса, Team Saxo-Tinkoff велокомандасы 205 780 еуро табысқан кенеліп, үшінші орынға жайғасты.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

сурет: sport.nur.kz

Ө. Сансызбай