Роджер Федерерге сиыр сыйлады

Роджер Федерерге сиыр сыйлады

Швейцарияның Гштаад қаласында теннистен басталған Suisse Open біріншілігінің ұйымдастырушылары танымал теннисші Роджер Федерерге сиыр сыйлады. Бұл туралы ATP ресми сайты хабарлап отыр. 

Жарыстың ашылу салтанатына келген әлемнің атақты теннисшісіне Дезири атты сиыр тарту етілген. Роджер Федерер бұл жергілікті біріншіліктің ең алғаш 2004 жылы қонағы болған екен. 

"Бұл сиыр менің кубоктарымның қасында тұра алмайтыны анық. Енді оған жаңа жайлы мекен іздеу керек" - деді теннисші.

Мұндай сый Роджер Федерердің өмірінде екінші рет қайталанып отыр. Ең алғаш 2003 жылы Уимблдон турнирін жеңіп еліне оралғаннан кейін, жеңімпаз теннисшіге Джульетта атты сиыр тарту етілген болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz