Букмекерлер ЧЛ аясында БАТЭ клубының "Шахтерден" басым түсетініне сенімді

Букмекерлер ЧЛ аясында БАТЭ клубының "Шахтерден" басым түсетініне сенімді

Бүгін 23-шілде күні Қарағандыда чемпиондар Лигасының іріктеу сындары аясында жергілікті «Шахтер» мен беларусьтік БАТЭ клубтары арасында қарымта матч өтпек.  

Осы ойынға байланысты букмекерлер де өз ойларын коэффициенттерімен білдіре кетіпті. Сонымен «Олимп» букмекерлік кеңсесі бұл кездесуде фаворит деп БАТЭ клубын таныған екен. Матчқа түзілген коэффиенттер келесідей: «Шахтердың» жеңісі – 4,35, тең есеп – 3,45, БАТЭ жеңісі – 1,8. Айта кету керек, «Шахтер» келесі раундқа шығу үшін беларусьтік командаға ұтылмауы тиіс болса, БАТЭ клубына да тек жеңіс қажет. Егер ойын 0:1 есебімен қонақ команданың пайдасына шешілсе, онда матчқа қосымша уақыт кейін тіпті пенальти де белгіленуі мүмкін.  

Сонымен қос команда арасындағы кездесу Астана уақытымен 19:30-де өтеді деп жоспарланған. Қазақстандық жанкүйерлер үшін матчты «KazSport» және «Қазақстан» ұлттық арналары тікелей эфирден көрсетпек.

Естеріңізге салсақ, Борисовта өткен бірінші матчта қарағандылықтар 1:0 есебімен алаң иелерінен басым түскен болатын. «Шахтер» үшін жеңісті болған голдың авторы Сергей Хижниченко.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sports.kz

Б. Қосмағамбет