Еуропалық клубтардағы

Еуропалық клубтардағы "шалдар"

Еуропалық клубтардың кәрі тарландары. Футболда доп тебуден жалықпай келе жатқан аға буын ойыншылар.

Жасы отыз бестен асқанына қарамастан, футболда әлі күнге доп теуіп жүрген кәрі тарландар жетерлік. Олардың кейбірі негізгі құрамда өнер көрсетіп келсе, енді бірі қосалқы құрамда отырып жүр.

Марио Йепес

Туған күні: 1976, 13 қаңтар

Ара-тұра «Россо - Неррилердің» жейдесімен алаңға шығып тұратын «Миланның» колумбиялық қорғаушысы.

Франческо Тотти

Туған күні: 1976, 27 қыркүйек

Тарландығын тастамай келе жатқан аға буын үздік ойыншылардың бірегейі. "Романың" көшбасшы жетекшісі саналып қала бермек.

Кристиан Брокки

Туған күні: 1976, 30 қаңтар

«Миланнан» соң мансап жолы төмен құлдилап бара жатқан ойыншылардың бірі. Көптен бері «Лационың» негізгі құрамына шығып көрмепті.

Хосе Пинто

Туған күні: 1975, 8 қараша

Испан кубогі жолында өнер көрсетіп тұратын ("Реалға" қарсы ойындарда жиі шығады) және Вальдестің көлеңкесінде қалып қойған ойыншы.

Энрике Илариу

Туған күн: 1975, 21 қазан

Португалдық спортшыға негізгі құрам ұмыт болғалы қашан. Чехтың ғана емес, сонымен бірге  Тернбулдың да көлеңкесінде қалып келеді.

Лука Кастелацци

Туған күн: 1975, 19 шілде

Лука негізгі құрамға аз ілініп тұрмайды. Италия Кубогі мен А Сериясында өнер көрсетіп тұрады.

Пол Скоулз

Туған күн: 1974, 16 қараша

Өз клубының аңызы. Алаңға жиі шығып тұрады.

Райанн Гиггз

Туған күн:  1973, 29 қараша

Аты аңыз болған нағыз ерлердің бірі.

Хавьер Дзанетти

Туған күн: 1973, 10 тамыз

Жүрегі төзімнен тұратын жан. «Интер» сапында өмір бойы өнер көрсетіп келеді.

Брэд Фридель

Туған күн: 1971, 18 мамыр

Өткен маусымда негізгі құрамнан шығып қалған аға буын ойыншы. Соған қарамастан, жас күніндегі білігі сақтаулы.

Cурет: www.telegraph.co.uk 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
8 сағат жұмыс, 8 сағат ұйқы және 8 сағат демалыс: адамзат бұл жеңіске қалай жетті?
8 сағат жұмыс, 8 сағат ұйқы және 8 сағат демалыс: адамзат бұл жеңіске қалай жетті?
Ғалымдар Арктикадағы барлық мұз 2035 жылға қарай еріп кететінін айтты
Ғалымдар Арктикадағы барлық мұз 2035 жылға қарай еріп кететінін айтты
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды