"Барсаның" жаңа қонақ жейдесі

"Барсаның" жаңа қонақ жейдесі

Каталондық атақты "Барселона" клубы "Баварияға" қарсы жолдастық кездесуде жаңа жейдемен алаңға шығады. Nike ұсынған каталондық ту түстес сары-қызыл  жаңа форма команда жанкүйерлеріне ұнаған көрінеді. 2013-2014 жылғы маусымда "Барселона" қонақта осы жейдемен өнер көрсететін болады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Еуропаның алпауыт ұжымдары арасындағы жолдастық кездесу 24 шілде күні Мюнхен қаласында өтеді деп жоспарлануда. Естеріңізде болса биылғы Чемпиондар Лигасының жартылай финалында каталондық клуб "Баварияны" айналып өте алмаған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

сурет: ua.championat.com

Ө. Сансызбай