"Шахтер" клубы ЧЛ-дағы кездесуі мүмкін қарсыластарын анықтады

"Шахтер" клубы ЧЛ-дағы кездесуі мүмкін қарсыластарын анықтады

Қарағандылық "Шахтер" футбол клубы чемпиондар Лигасы аясындағы үшінші раундта кездесуі мүмкін қарсыластарын анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кезеңнің жеребе тарту рәсімі швейцариялық Ньонде өтті. Сонымен қарағандылық клуб "Нефтчи" (Баку, Әзірбайжан) - "Скендербеу" (Корча, Албания) арасындағы жеңімпаз командамен келесі айналым жолдамасын сарапқа салуы мүмкін. Бұл командалардың арасындағы Әзірбайжанда өткен бірінші матч 0:0 есебімен тең аяқталған болатын.  

Алайда "Шахтер" әзір бұл кезеңде ойнауға толық мүмкіндік ала қойған жоқ. Виктор Кумыков шәкірттеріне алдымен беларустік БАТЭ клубымен 23-шілде күні болатын ойында қажетті нәтижеге жетуі керек. Естеріңізге салсақ, бірінші болған ойында қазақстандық клуб қарсыластарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп, турнирді одан әрі қарай жалғастыруға керемет мүмкіндік алған болатын.   

Айта кетейік, іріктеу турнирі аясындағы келесі матчтар 30-31 шілде және 6-7 тамыз күндеріне жоспарланған. 

Жеребе тартудың қалған кезінде анықталған клубтардың тізімі: 

"Нордшелланд"  - "Зенит",
"Зальцбург" - "Фенербахче",
"ПАОК"  - "Металлист",
"ПСВ" - "Зюлте-Варегем",
"Лион" - "Грассхопперс",
"Базель  - "Дьор" /"Маккаби" Тель-Авив,
"Слайго Роверс"/"Мольде" - ТНС /"Легия",
"Слован" Братислава /"Лудогорец" - "Ширак"/ "Партизан",
"Динамо" Тбилиси/"Стреймур"- "Стяуа" /"Вардар",
"АПОЕЛ" - "Биркиркара" /"Марибор"
"Селтик"/"Клифтонвилл" - "Эльфсборг" /"Даугава" Даугавпилс,
"Аустрия" Вена - "Экранас"/"Хабнарфьордюр",
ХИК /"Нымме Калью" - "Виктория" /"Железничар",
"Фола"/"Динамо" Загреб - "Шериф"/"Сутьеска".

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: alaman.kz

Б. Қосмағамбет