Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

 Футбол жаңалықтары назарларыңызда:

"Челси" Луиз Густавоға құда түспекші

Лондондық  "Челсидің" басшылығы "Баварияның" сапында жүрген Луиз Густавоға құда түспек.

Бразилиялық қорғаушы жуық аралықта кетудің аз-ақ алдын да тұрған нигериялық Джон Оби Микелдің орнын баспақ, дейді talkSport.

Басылымының таратқан ақпары бойынша, "Челси"  Густаво үшін 16 миллион фунт стерлинг ұсынуға дайын. "Ақсүйектердің" бас бапкері Жозе Моуринью аталған ойыншыға қатты қызығушылық білдіріп, Бразилия ұлттық құрамасының сапында жүріп Конфедерация Кубогін иеленген ойыншыны өзіне алдырмақ.

Неймар "11" нөмірмен өнер көрсететін болды

"Барселонаның" жаңа шабуылшысы Неймар қай нөмірде өнер көрсететінін түпкілікті шешкен көрінеді. Каталондықтардың қатарында қай нөмірмен өнер көрсетеді екен?

Ертеректе "11" нөмірлі жейде Тиага Алькантараның иелігіне жататын, алайда, аталған жартылай қорғаушы мюнхендік "Баварияға" ауысып кетті.

Тағы бір айта кетерлігі, Пеледен кейін туылған көп таланттардың бірегейі ұлттық құрама сапындағы өзі өнер көрсетіп жүрген "10" нөмірді "11"-ге ауыстырмақ. 

Негредо "Манчестер Ситиге" ауысты


Испандық талантты шабуылшы Альваро Негредо ресми түрде  "Манчестер Ситидің" жейдесін киді. "Севильядан" ауысып барған 27 жастағы футболшы баспасөз-конференциясында таныстырылып, ағылшындық клубтың жанкүйерлерінен жылы лебіз естіді.

Испандықтың ауысым құны 25 миллион еуроға түскен. Ойыншының бір жылдық жалақысы 4,5 миллион еуроға келісілген. 

Өткен маусымда Негредо испандық клуб сапында 36 ойын өткізіп, 25 гол соққан екен. Испания құрамасында 14 ойын өткізіп, 6 мәрте көзге түсіпті.

Халк «Монакоға» өтпек

Санкт-петербургтік  «Зениттің» шабуылшысы Халк бүгінгі күні, 18 шілдеде «Монакомен» келісімге отырмақ. 

Хабарланып отырғандай, 1 Лигаға қайта оралған француз командасы ресейлік басшылықпен арада ойыншының трансферлік құнын келіске салып, 52 млн фунтқа бағалаған.

Естеріңізде болса, бразилиялық ойыншы "Зенитке" 2012 жылы "Портудан" 60 млн еуроға ауысып барған болатын.

 "Реал" жейделерінің артына жанкүйерлердің суреті түспек

Испания құрамасы мен мадридтік "Реалдың" қақпашысы Икер Касильяс жанкүйерлерді клуб акциясына шақыруда - ойыншылардың арқалығына сүреттерді жабыстыру. 

2013/2014-маусымның жаңа жейдесін алған жанкүйерлерге аталған клуб жейдесімен түскен суреттерді сұратуда. Ең үздіктері ойыншылардың арқалығына түспек. Және дәл осы жейделерде "Реал" ресми ойындарды өткізеді. 

"Роналду" пиццасы - Шотландияда

Шотландияда италиялық "Bella Napoli" мейрамханасының аспазшысы Доминик Кролла керемет бір бастамаға мұрындық болып, аты аңыз ойыншының кескіні түскен пиццаларды дайындай бастаған. 

Бүгінгі таңда Кролла пиццаларға Криштиану Роналду, Барак Обама, Мэрилин Монро, Рианна мен Робби Уильямстің бейнелерін түсіруде, деп хабарлайды Marca.

Владимир Дядюн - Универсиаданың ең үздік ойыншысы

Қазанда өткен 27-ші дүниежүзілік студенттер ойынында футбол жарыс түрінің ең үздік ойыншысы болып мәскеулік «Динамо» командасының ойыншысы Владимир Дядюн танылды, деп хабарлайды Р-Спорт.

25 жастағы Дядюн болып өткен Универсиаданың 6 ойынына қатысып, 5 гол соққан. 

Футбол жарысында француздар ҰлыБританияны 3:2 есебімен тізе бүктірсе, үшінші орын үшін болған таласта ресейліктер жапондарға 0:3 есебімен есе жіберіп қойды.

сурет: footballhd.ru; skysports.com; eurosport.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига