Лионель Месси: «Неймарға жаңа клубқа үйрену еш қиындық туғызбайды деп ойлаймын»

Лионель Месси: «Неймарға жаңа клубқа үйрену еш қиындық туғызбайды деп ойлаймын»

"Барселона" клубының көшбасшысы Лионель Месси биылғы маусым аяқталысымен каталониялықтардың қатарына қосылған Неймардың жаңа ұжымға тез үйреніп кететіндігіне сенімді.  

Неймар "Барселонаға" бразилиялық "Сантос" клубынан ауысып келген болатын. Одан кейін ол Конфедерация Кубогында жасындай жарқылдап, өз елімін бірге Конфедерация Кубогын да ұтып алды.  

"Ол тамаша ойыншы. Біз онымен алаңда тез тіл табысып кетеміз деген сенімдемін"-,дейді Месси. - Ол мықты футболшылар жиналған клубта өнер көрсетпек. Сондықтан Неймарға жаңа клубқа үйрену еш қиындық туғызбайды деп ойлаймын. 

Одан бөлек, аргентиналық ойыншы соңғы кезде испан билігінің назарына іліккен әкесі екеуінің салық мәселесі жөніндегі ақпараттарға да тоқтала кетті. 

"Мен қазір ол мәселе жөнінде ойлағым келмейді. Ол істермен айналысып жатқан біздің кеңесшілеріміз бар. Біз де оларға сенеміз. Жақын арада барлық мәселе шешімін табады деп ойлаймын. Мен ол жөнінде ешнәрсені де түсінген жоқпын. Сондықтан да қорғаушы жалдадық"-дейді Месси. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport-xl.net




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Құсбегілер бәсі
Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN