Еуропаның ең қымбат біріншіліктері

Еуропаның ең қымбат біріншіліктері

Еуропаның ең үздік делінген біріншіліктері назарларыңызда.

Немістің белгілі transfermarkt.de спорттық порталы қысқы ауысымның трансферлік құнына қарай біріншіліктерді салыстырып көрген. 

Бірінші орында - ағылшын Премьер-лигасы. Аталған біріншіліктің 20 командасында жалпы бағалары 3 396 000 000 eурoны құрайтын 512 ойыншы өнер көрсетеді екен. Өз кезегінде, испан Примерасының 20 клубында 497 ойыншы өнер көрсетсе (2646000000 eурo), ал Италияның екі ондық А сериясында 560 ойыншы бар болып шықты (2139000000 eурo).

Келесі бір рейтингіде әр елдің барлық командалары тізіп шығыпты (ұлттық кубоктар).

Көш басында тағы да ағылшындар тұр. Мәселен, FA-cup жолында осы жылы 3199 ойыншының басын құралып, 24 команда өнер көрсетуде - 4241000000 eурo. Сәл ғана қалыс есепте League Cup турнирі келеді. 

Ішкі ұлттық біріншіліктерден соң, іле Испанияның Королдік Кубогі (84 кoмaнда, 1953 ойыншылар, 2925000000 eурo) мен Итaлия Кубогінің қарасы көрінген (79 кoмaнда, 2037 ойыншылар, 2534000000 eурo).

47 елдің ішкі біріншілігі мен Кубок жолындағы жарыстары қарастырылыпты.

сурет:footballisimo.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига