Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары төменде:

"МЮ" Раноккиге қызығып отыр


The Daily Express хабарлауда, "Манчестер Юнайтед" "Интердің" қорғаушысы Андреа Раноккиге құда түспек көрінеді. 

Айтылып отырғандай, италияндық басшылық 25 жастағы ойыншымен қоштасқысы жоқ дегенмен, алайда, ұсынылған 25 миллион еуро Раноккидің ауысымына бар жағдайды жасап қалуы әбден мүмкін екен. 

Өткен маусымда Ранокки Италияның А сериясы мен Еуропа Лигасында 39 ойын өткізіп, 2 голмен көзге түскен. 

Флоран Малуда мен Милан Барош түрік жерінде өнер көрсетпек

Лондондық "Челсимен" қош айтысқан франуз жартылай қорғаушысы Флоран Малуда еркін агент ретінде футболдағы ендігі жүрісін түріктің  «Трабзонсор» командасында жалғастырмақ, дейді аталған клубтың ресми сайты. 

33 жастағы француз Түркияға келіпті. Бүгінгі күні, шілденің 17 жұлдызында емханалық тексерістен өтіп, «Трабзонспормен» келісім жасасатын болады.

Сонымен бір қатарда, түрік біріншілігінде Чехия ұлттық құрамасы мен «Ливерпуль» клубының экс ойыншысы  Милан Барош «Антальяспормен» бір жылдық келісімге қол қойыпты. 

31 жастағы Бароштың соңғы өнер көрсеткен ордасы - чехтың «Баник» командасы. Аталған ұжымда 2013 жылға дейін ойнап келіп еді. 

Майкон мен Стротман "Ромаға" ауысты


Бразилия ұлттық құрамасы мен британдық «Манчестер Сити» командасының экс қорғаушысы Дуглас Майкон "Рома" сапына ауысуға бел буыпты. Римдік клубтың ресми сайты таратуда. 

«Манчестер Сити» 31 жастағы бразилиялық ойыншымен келісімді бұзып, төлемақы ретінде 2 миллион еуро ұстатқан. 

Сонымен бірге, «Рома» басшылығы Нидерланды құрамасы мен "ПСВ" сапында өнер көрсететін Кевин Стротманды сатып алған-ды. «Удинезеден» ауысып келген Мехди Бенатимен бір қатарда қорғаныс түзетін болды. 

"Испан әртісі" 150 миллионға бағаланбақ


Сөгуші жартылай қорғаушы Серхио Бускетс каталондық "Барселонамен" арадағы келісімін 2018 жылға дейін ұзартты, деп хабарлайды Испания біріншілігінің ресми сайты. 

Ең бастысы, испандық ойыншының құқық төлемі 150 млн еуроның басын құрапты. 

Бускетстың бұдан бұрынғы келісімшарты 2011 жылдың қаңтарында жасалып еді. Ойыншы команда сапында 238 ойынға қатысып, 8 ретте көзге түскен. 

"Реал" Альбиольды сатты

Мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Рауль Альбиоль италияндық «Наполиге» ауысты, деп insidespanishfootball.com сайты La Gazzetta dello Sport басылымына сілтеме тартуда.

27 жастағы ойыншының трансферлік құны 12 млн еуро құраған. Естеріңізде болса, Альбиоль "корольдік клубқа" 2009 жылы 15 млн еуроға «Валенсиядан» ауысып барған болатын. Басшылыққа Жозе Моуринью келіп, тізгін ұстасымен қорғаушы қосалқы құрамда қалып, испан біріншілігінде үш жылда 58 ойын өткізе алыпты. 

Ертеректе «Наполи» басшылығы 10 млн еуроға «Реалдың» тағы бір ойыншысын алдырған-ды - Хосе Кальехон.

Негредо 28 миллионға "Ситиге" кетпек


Ағылшынның «Манчестер Сити» клубы испандық «Севильяның» шабуылшысы Альваро Негредоның трансферлік құнын шығаруда, деп Marca хабарлайды. 

Айтылып жатқандай, ағылшындар аталған ойыншы үшін 28 млн еуро төлеуге бар. Оның 25 миллионы қолма-қол төленсе, қалғаны қосымша сыйақы ретінде берілмек. 

Күтілуде, 16 шілде күні екі жақ ортақ келісімге қол қоюы мүмкін. 

Өткен маусымда Негредо испан біріншілігінде 36 ойын өткізіп, 25 гол соққан. 

 Каранка "Реалдан" кетті


Мадридтік «Реал» екіжақты келісім бойынша бапкер Айтор Каранкомен қош айтысты, деуде Marca.

39 жастағы білікті маман лондондық «Челсиге» барған Жозе Моуриньоның көмекшісі болып келген-ді. 

«Корольдік клубтың» жаңа бапкері Карло Анчелотти Каранканы тренерлік қосыннан көргісі келмеген. Әзірге белгісіз,  «Реал» мен «Атлетиконың» экс футболшысы қайда баратыны. 

 «Боруссия» - «Бавария». 70 мың билет сатылып кеткен

Германияда осы уақытта бар жұрттың назары 27 шілде күні өтетін Суперкубок ойынында. 

Ойын дортмундықтардың стадионы «Сигнал Идуна Паркте» өтпек. «Боруссия» мен мюнхендік «Бавария» арнаулы жүлдеге талас қылмақ. 

«Боруссияның» ресми сайты 70 мың билеттің сатылып кеткенін хабарлаған. Ендігі таңда 82 мыңдық стадионда ине шаншар орын қалмас деп күтілуде.  

Стивен Джеррард жаңа келісімге қол қойды


Ағылшынның «Ливерпуль» клубының капитаны Стивен Джеррард аталған ұжыммен жаңа келісімге қол қойды. Бұл ақпаратты клубтың ресми сайты таратуда. 

Есіңізде болса, 33 жастағы Джеррард «Ливерпуль» сапында жастайынан өнер көрсетіп келеді. 1998 жылдан бергі аралықта жартылай қорғаушы 630 ойын өкізіп, 159 гол соққан. 

Джеррардтың «Ливерпуль» сапында жүріп қол жеткізген жүлделері: Чемпиондар Лигасы, УЕФА Кубогі мен Суперкубогі, Англия Кубогі, ағылшын біріншілігінің Кубогі.

сурет:football.ua; footballisimo.ru; sports.ru; sport.nur.kz; daypic.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига