Дель Боске Алькантараның МЮ-дан бас тартқанын қалайды

Дель Боске Алькантараның МЮ-дан бас тартқанын қалайды

Испания құрамасының бас бапкері Висенте Дель Боске «Барселона» жартылай қорғаушысы Тиаго Алькантараға  «Манчестер Юнайтедтен» бас тартуға кеңес берді.

БАҚ өкілдері арасындағы ақпарға сәйкес, 22 жастағы Алькантара ағымдағы жазда «Юнайтедтің» басты трансферлік мақсаты саналады-мыс. Тиагоны иемдену үшін «қызыл сойқандарға» 15 миллиондық төлем мен ойыншының жеке келісімі қажет.

Осы арада Әлем чемпионаты-2014-ке бар болғаны бір жыл уақыт қалды. Жастар арасында өткен Еурода тамаша өнер көрсетуіне байланысты Алькантараның негізгі құрамамен Бразилияға аттануға барлық мүмкіндігі бар. Алайда ол үшін Тиаго ойнау керек. Ал Дель Боске жартылай қорғаушының «Барсада» да ойнау тәжірибесі болатынын айтады.

«Тиаго үшін ең бастысы алаңға жиі шығу қажет. Оның басқа да варианттары бар, бірақ менің ойымша, ол «Барселонада» алаңға жиі шыға алады. Клуб оны өте жоғары бағалайды», - дейді Дель Боске Daily Express-ке берген сұхбатында.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: dynamo.kiev.ua 

А. Құлтай