Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Футбол әлемінің жаңалықтары:

Рaуль футболмен қоштаспақ


Испания құрамасы мен "Реалдың" аты аңыз ойыншысы Рaуль 22 тамыз күні футболмен қош айтыспақ.

Сол күні аталған шабуылшы өнер көрсететін кaтaрлық "Aль-Сaдд" командасы "Сaнтьягo Бeрнaбeу" төрінде "кoрoльдік клубпен" кездесу өткізеді.

Бұл туралы "Реалдың" ресми сайты ақпар таратуда.

Естеріңізде болса, Рaуль мадридтік клуб сапында 1994 пен 2010 жылдар аралығында өнер көрсетіп, өзі қатысқан 741 ойында 323 гол соққан болатын.

Қорғаушыны 50 допқа сатып жіберді


Коста-Рика чемпионатының екінші біріншілігінде өнер көрсететін «Пума» клубы өзінің орталық қорғаушысы Роджер Фалльясты жоғары дивизиондағы «Универсидад де Коста-Рикаға» 50 футбол добына ауыстырып отыр, деуде Goal.com.

Футболшымен арадағы келісімнің тәмәмдалуына байланысты, «Пуманың» спорттық директоры Ригоберто Чинчилла ойыншы үстінен сәл де болса пайда көріп қалғысы келген.

Хабарланып отырғандай, екінші дивизиондағы командалардың қаржылық жағдайы мәз емес көрінеді. Осы біріншілікте бақ сынайтын көптеген клубтар ойыншыларға жалақы төлемеуді әдетке айналдырған.

"Севилья" Бельгияның сұрмергенімен толықты


"Севилья" "Брюггенің" шабуылшысы Карлос Баккамен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды испандық клубтың ресми сайты.

Футболшымен арадағы келісім 5 жылға жасалған.

Өткен маусымда колумбиялық ойыншы Бельгия чемпионатында 34 ойын өткізіп, 24 гол соққан.

"Реал" Луис Суарес үшін 40 миллион ұсынуда


"Реал" басшылығы шабуылшы Луис Суарес үшін "Ливерпульге" 46,5 миллион еуро ұсынуда, дейді The Sun.

Естеріңізде болса, ағылшын клубы ертеректе "Арсенал" тарапынан ұсынылған 35 миллионнан бас тартқан-ды.

Айтылып отырғандай,  "корольдік клубқа" 26 жастағы уругвайлық ойыншының ауысып баруы бек мүмкін.

Өткен маусымда Суарес ағылшын біріншілігінде 33 ойын өткізіп, 23 гол соғып, 11 рет нәтижелі пастың авторы атанған.

«Арсенал» жаңа жейдесін таныстырды


Аталған клубтың ресми мәліметі бойынша, лондондық «Арсенал» жаңа маусымда қонақта киер киім үлгілерін таныстырған. Арсена Венгердің шәкірттері қандай жейдемен шығады екен?

Жаңа жейдені таныстыру кеші лондондық «Эмирейтс» стадионында болып өткен. Презентацияға «Арсенал» сапынан 6 ойыншы келіп қатысыпты.

Робиньо 6 миллион еуроға "Сантосқа" кетпек

Globo Esporte таратуынша, "Милан" мен "Сантос" Робиньоның бразилиялық клубқа ауысуы жөнінде ортақ келісімге келе алыпты.

Трансфер құны 6 миллион еуроны құрап отырған көрінеді. Келісімнің соңғы нүктесіне қол жеткізу үшін, "Сантос" басшылығы футболшының жеке өзіммен келісімге баруы тиіс.

"Челсиге" 40 жастағы қақпашы келді


Қақпашы Марк Шварцер өз басына жеке агент ретінде "Челсиге" ауысып отыр, дейді лондондық клубтың ресми сайты.

40 жастағы қақпашымен арадағы келісім бір жылға жасалған. Өздеріңіз білетіндей, аустралиялық өткен маусымда  "Фулхэм" сапында өнер көрсеткен-ді.

"Челси" – феноменальды клуб, - деген Шварцер. – Дүниедегі ең үздік клубтардың бірегейі. Келісімшартқа отыру, мен үшін үлкен мәртебе. Ұсыныс келіп түскенде,  ұзақ ойланып жатпадым".

Гвардиола: "Баварияға" уақыт қажет"


Мюнхендік «Баварияның» жаңа бапкері Хосеп Гвардиола итальяндық «Брешия» клубына қарсы өткен жолдастық кездесуден соң сөз алып, баварлық командаға жақсы ойын өрнегін көрсету үшін уақыт керек деп мәлімдепті. Осылай деп Bild басылымы ақпар таратуда.

 Хосеп Гвардиола, мюнхендік «Баварияның» жаңа бапкері:

- Мықты қарсыласқа қарсы өткен бірінші ойын болды және біз оны жақсы өткіздік. Әрине, бастапқы уақыттарда біздерге қиынға соғары анық. "Баварияға" жақсы ойын өрнегін көрсету үшін уақыт кетеді.

Ең жақсысы, жарақаттан қашып құтыла алдық. Қазіргі таңда – маңыздысы осы.

Nike компаниясы «Интердің» жейдесін таныстырды


Миландық «Интер» командасының ресми сайты Nike компаниясы жасап шығарған жаңа жейденің тұсаукесері болып өтті деп хабарлайды. Италияндық команданың 2013/2014 маусымда қандай жейдеде өнер көрсететіні анықталды.

Үй ойынына арналған жейде дәстүрден алшақтап кете қоймапты - қара-көк түс. Қонақта киетін өнімде кішірігірім өзгешеліктер енген: қол мен жаға тұстарға жолақтар түсіріліпті.

Қазіргі таңда жаңа жейде 85 еуродан сатылып жатыр.

Алькантара «Реалдың» ұсынысын кері қайтарды


Мадридтік «Реал» «Барселонаның» испандық жартылай қорғаушысы Тиаго Алькантараны иемденуде таластың бел ортасынан табылып отыр.

Sport.es басылымының сөзіне сенсек, 22 жастағы ойыншы "корольдік клубтың" кезекті ұсынысын кері қайтарған. 15 шілде күні аталған жартылай қорғаушы «Барселонаның» жаңа маусым алдындағы алғашқы дайындығына кіріспек.

Ертеректе Тиаго Алькантараның ағылшын чемпионы «Манчестер Юнайтедпен» 5 жылдық келісімге отыратыны туралы мәлімдеген едік.

Кальехон «Наполидың» жейдесін киді


Итальяндық «Наполи» мадридтік «Реалдың» испандық жартылай қорғаушысы  Хосе Кальехонның ауысқаны туралы ресми түрде ақпар таратты.

Естеріңізде болса, "корольдік клуб" екі жыл бұрын Кальехонды «Эспаньол» меншігінен 5,5 миллион еуроға сатып алған болатын.

Өткен маусымда испан ойыншысы испан біріншілігінде 30 ойын өткізіп, 3 гол соққан.

Лондондық «Тоттенхэм» жаңа маусымның жейдесін таныстырды


Аталған клубтың  ресми сайты үйде және қонақта өнер көрсететін жейденің таныстырылымы өткенін таратты. Жейденің үшінші нұсқасы жаз маусымының соңында ұсынылады.

Презентацияға шабуылшы Джермейн Дефо, қақпашы Уго Льорис пен команданың басты қаһарманы Гарет Бейл қатысқан.

Естеріңізде болса, биылдан бастап "HP" компаниясы лондондық команданың демеушісі болмақ.

Джованни дос Сантос «Вильярреалға» ауысты


Испан Примерасына жолдама алған «Вильярреал» Мексика ұлттық құрамасы мен «Мальорканың» ойыншысы Джованни дос Сантосты сатып алғандығы турасында ресми мәлім етті.

Кешегі күні, шілденің 9 жұлдызында мексикандық талантты ойыншы «Вильярреалмен» арада 4 жылдық келісімге отырды.

Дос Сантос 2012 жылы лондондық «Тоттенхэмнен» «Мальорка» сапына ауысқан-ды.

Өткен маусымда мексикандық футболшы испан біріншілігінде 29 ойын өткізіп, 6 гол соғып, тоғыз ретте нәтижелі пастың авторы атана алған. 

Сурет: dynamo.kiev.ua; sports.ru 

Дайындаған:  Фараби Арыстанбек

Л. Лига