"Барселона" мен "Реал" қазан және наурыз айларында кездесетін болды

"Барселона" мен "Реал" қазан және наурыз айларында кездесетін болды

2013/14 жылдардағы Испания футбол маусымында ойналатын матчтардың күнтүзбесі жеребе тарту нәтижесінде анықталды.   

Сонымен турнир 2013 жылдың 17-тамызында басталып, 2014 жылдың 18-мамырында аяқталады. Ал Ла Лигада соңғы он маусым бойына кезекпен топ жарып келе жатқан "Барселона" мен "Реал" клубтары өзара 10-тур ойындары аясында "Камп Ноу" стадионында 26 немесе 27-қазанда кездеспек. Жауапты матч 29-тур кезінде "Сантьяго Бернабеуде" 22 немесе 23-наурызда өткізілетін болады. 

17 және 18-тамыз күндері ойнатылатын бірінші тур матчтары келесідей:  

«Барселона» – «Леванте»

«Валенсия» – «Малага»

«Реал» – «Бетис»

«Севилья» – «Атлетико»

«Реал Сосьедад» – «Хетафе»

«Вальядолид» – «Атлетик»

«Осасуна» – «Гранада»

«Сельта» – «Эспаньол»

«Райо Вальекано – «Эльче»

«Альмерия»–«Вильярреал»

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gmbox.ru

Б. Қосмағамбет