Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Футбол әлемінің жаңалықтары:

Йоветич таласына  "Манчестер Сити" араласты


"Фиорентинаның" шабуылшысы Стеван Йоветичті иемденуде қызу талас ортасына "Манчестер Сити" кіріп отыр. Gazzetta dello Sport хабарлауынша, ағылшын клубы ресми түрде черногориялық ойыншыны 30 миллион еуроға бағалаған. 

Өткен маусымда Стеван Йоветич Италия чемпионатында 31 ойын өткізіп, 13 гол соғып, 5 нәтижелі пастың авторы атанған. 

Игуаин "Арсеналға" ауыса ма?

"Корольдік клубтың" президенті Флорентино Перес ертеректе хабарланған ауысымның, яғни Гонсало Игуаинның "Арсенал" сапына өткендігі туралы ақпардың жалған екенін алға тартты.

Футболдың отаны Англияда аталған келісімнің жүзеге асқаны еш шүбәсіз болып көрінгенмен, мадридтіктердің басшысы аргентиналық ойыншының үстінен бірде-бір ұсыныстың келіп түспегенін мәлімдеген. 

Флорентино Перес, "Реал" президенті:

- Игуаинды сатқалы отырған жоқпыз, - деп Football Espana Перес сөзін тәржімалай отырып. - Оның үстіне "Арсенал" әлі күнге бірде-бір ұсыныс тастап көрген жоқ. 10 миллион, 27 миллиондық ұсыныс туралы сөз болуы мүмкін емес. Ақырында, Гонсало төңірегінде ешкім бізге хабарласқан емес.

Пепе «Манчестер Сити» сапында 

Португалия құрамасы мен мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Пепе ағылшын алпауыты «Манчестер Ситидің» сапына ауысуға өз келісімін бергенге ұқсайды, дейді Agencia.

Мәліметке көз жүгіртсек, ағылшындар аталған ойыншымен арада жеке келісімшарт жасасып қойыпты. Тек, ендігі таңда арабтың қол астындағы клуб трасфер құнын шешсе болғаны.  

Ескерте кететіні, бұдан бұрындары мадридтіктердің президенті Флорентино Перес Пепенің сатылмайтындығы жөнінде айтқан болатын. Англияның өткен жылғы чемпиондары ұсынып отырған 18 миллион еуро шешімді өзгертуі бек мүмкін. 

Зинедин Зиданның кезекті жеңісі


Футболдың аты аңыз ойыншысы Зинедин Зидан Францияның футбол федерациясынан бапкерлік етуге лицензия алған. Marca басылымы алжирлік азаматтың барлық сынақтан өткенін хабарлады.  

Сонымен, мадридтік "Реалда" администрациялық қызмет атқарған футболшы ендігі таңнан бастап Карло Анчелоттидің қарамағында көмекшілік қызметке тұрмақ. 

Ертеректе, Жозе Моуринью тұсында Зиданға мадридтік клубтың бірінші командасын жаттықтыру ұсынысы түскенмен, әлем чемпионы бас тартқан еді. 

 Еуропада жұртшылық ең көп баратын клуб

Дортмундық «Боруссия» Еуропадағы жұртшылық ең көп келетін клубтардың көш тізгінін бастап тұр. 

Юрген Клопп баптаған тәлімгерлердің үй ойынына орта есеппен 80 520 жанкүйер келетін болған. 

Екінші орында «Олд Трафорд» төрінен табылатын 75 529 жанкүйердің есебінде «Манчестер Юнайтед» тұр. 

Чемпиондар Лигасының иегері мюнхендік «Бавария» төртінші орыннан табылса (71100), мадридтік "Реал" болса 5-орыннан көрініпті (68 876), деп хабарлауда Sports.ru.

Каталондық жанкүйерлер Руниді "Барсада" көргісі келеді

Каталондық Sport.es сауалнама жүргізіп, нәтижесінде жанкүйерлердің Тито Виланова жаттықтыратын "Барселона" сапында қай шабуылшыны көргілері келетіндігі анықталды. 

Бірінші орынды «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Уэйн Руни иеленген - 35 пайыз дауыс. 

Екінші орыннан дортмундық "Боруссияның" поляк шабуылшысы Роберт Левандовски табылған - 27 пайыз.

Үшінші орынды "Барселонаға" шабуылшы керегі жоқ" жауап нұсқасы иемденген - 18 пайыз. 

Лондондық "Челсидің" испан шабуылшысы Фернандо Торрес 9 пайыз дауыс жинаған, аргентиналық футболшы Серхио Агуеро («Манчестер Сити») - 5 пайыз, ал Хуан Мата («Челси») – 2%.

сурет:footballhd.rureal-fc.com; vk.com  

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига