Николя Анелька ресми түрде «Вест Бромвич» жейдесін киді

Николя Анелька ресми түрде «Вест Бромвич» жейдесін киді

Француздық тәжірибелі шабуылшы Николя Анелька "Вест Бромвич" клубымен қысқа мерзімді келісімшартқа отырды.

Өткен маусымды италиялық "Ювентуста" өткізген футболшы енді алдағы бір маусымда ағылшын жерінде доп теппек. Ал "Вест Бромвич" маусым аяқталысымен өнер көрсетуіне қарай келісімді тағы да бір жылға ұзартуға құқы бар. 

Клуб бапкері Стив Кларк осыған дейін де аталған футболшымен 2008 жылы жұмыс жасаған болатын. Және де ол 34 жасар ойыншымен жасалған жаңа келісімді қуана қабылдаған екен. 

"Өткен маусымда бізге шабуыл шебінде жақсы ойын көрсететін форвард тапшылығы қатты сезілді. Николямен жасалған келісім клуб үшін пайдалы болатынына сенемін. Командада жоғары кластағы ойыншылардың көп болуы тек біздің пайдамызға жұмыс жасайды. Ал Николяның шеберлігіне ешкім дау айта қоймас. Мен онымен "Челсиде" жүрген кезімде жолықтым. Николя – нағыз кәсіпқой ойыншы. Оның шеберлігі мен тәжірибесі біздің клубтағы басқа да ойыншыларды шабыттандырып, жеңіске жетелейді деп ойлаймын",-дейді Кларк. 

2012/13 жылғы Англия чемпионатының қорытындысы бойынша "ВБА" 49 ұпайға ие болып, сегізінші орыннан көрінді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ultipes.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақтың Жақсылығы
Қазақтың Жақсылығы
Әлемдегі тұңғыш су асты кемесі мұражайы ашылды
Әлемдегі тұңғыш су асты кемесі мұражайы ашылды
Подкаст жазар алдында дауысты қалай күту керек?
Подкаст жазар алдында дауысты қалай күту керек?
Балаға қымбат ойыншық сатып алып бересіз бе?
Балаға қымбат ойыншық сатып алып бересіз бе?
Пирамидаларды өзгеғаламшарлықтар салған – Илон Маск
Пирамидаларды өзгеғаламшарлықтар салған – Илон Маск
Пандемияда YouTube статистикасы қалай өзгерді?
Пандемияда YouTube статистикасы қалай өзгерді?