Мойестің мойнында тұрған 5 қиындық

Мойестің мойнында тұрған 5 қиындық

"МЮ"-дің жаңа маусымда жақсы өнер көрсетуі үшін Дэвид Мойеске төмендегі бес ірі қиындықтың алдын алу қажет.

Кешегі күні Дэвид Мойес "Манчестер Юнайтедтің" жаттығу базасына алғаш рет барған болатын. Білікті маман жаңа кабинетіне еніп, көмекшілерін таныстырыпты - "Эвeртoнда" көмектескен Стив Рaунд; қақпашылармен жұмыс жасайтын Джимми Лaмсдeн мен Крис Вудс.

Жарқын жеңістерге жету үшін ағылшын алпауыты күн тәртібінде тұрған мәселелерді шешіп алуы қажет. "Oлд Трaффoрд" төрінде атқарылар қайырымды істер.

* * * *

1. Уэйн Рунидің қалу-қалмауы туралы сұрақ


Қоштасу прeсс-кoнфeрeнциясында Aлeкс Фeргюсoн Мойеске команданың көшбасшысы ойыншысы клубтан кеткісі келетінін, ендігі мансап жолында бағын басқа командадан іздейтінін және ауысым (трансфер) туралы сұрап отырғанын айтқан болатын. Кәсіби футболдағы алғашқы қадамын "Эвeртoннан" бастаған ағылшын ойыншысын Мoйeс жібере салғысы жоқ. Аталған ойыншыны райынан қайтару үшін, "Oлд Трaффoрдта" қалуын сұрап көрмек.

Келісімшарт бойынша аптасына 250 мың фунт стерлинг алатын ойыншымен арадағы келісім екі жылдан соң тәмәмдалмақ. Ол арада клуб үшін ауадай қажет ойыншы болып тұр. Ал егер алда-жалда Уэйнді сатуға мәжбүр болып жатса, 2004 жылы 27 миллион фунтқа сатып алған футболшыдан табыс түседі.

Руни "Олд Трaффoрдта" қалып жатқан жағдайда, жаңа келісім жасалуы мүмкін.

2. Жартылай қорғанысты күшейту


"МЮ"-дің өткен маусымдағы жарқын жеңісіне қарамастан, сарапшылардың көпшілігі команданың орталық бөлігінде кемшілік пен доп ұстаудағы бәсеңдікті алға тартқан. Оның үстіне, Пoл Скoулз футболмен қош айтысса, Тoмa Клeвeрлидің денсаулығы жиі сыр бере беруде. Ал Фил Джoнсқа келер болсақ, онда бұл ойыншының орталық бөлікті толтыруы жақсылыққа бастамақ.

"Қызыл сойқандардың" бұл тұста басты назары шабуылға сәтті қосылып отыратын "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Тиaгo Aлькaнтaрада. Өткен жылға көз жүгіртсеңіз, жартылай қорғаушылардың арасындағы үздік мергендер көшін бес доппен Рaйaн Гиггз аяқтаған (екеуі 11 метрлік айып добынан). Содан да болар, "МЮ"  Йoaн Кaбaй мен Кeвин Стрooтмaнға да қызығушылық танытуда.

3. Алаңға кім шығады?


Ауысымға қойылуға жақын Уэйн Руниден де бөлек, "Oлд Трaффoрдпен" қош айтысуы мүмкін тағы бірнеше ойыншы бар. Бірінші кезекте алыс 2007 жылы "жарқын жоба" ретінде сатып алынған, алайда, бірнеше жылдың жүзінде кемталант болып қалып отырған Aндeрсoн мен Нaниді шығармақшы.

Сонымен қатар, француз қорғаушысы Пaтрис Эврa да команда ауыстыруы мүмкін. Мoйeс сол тұста "Эвeртoнның" көшбасшысы Лeйтoн Бэйнсті алдырып, француздың орнын жас талантты ойыншымен толықтыруға ниетті. Ал франуз футболшысы мансап жолы орта шеңнен асқанда "Мoнaкo" немесе "ПСЖ" секілді клубтарға ауысып, қомақты қаржы табуға мүмкіндігі бар.

Өткен маусымда жолы болмаған ойыншылар қатарында Эшли Янг пен Aнтoниo Вaлeнсия да бар. Бірақ, ағылшынмен немесе эквадорлықпен Мойестің қош айтысқысы жоқ.

4. Бапкерлік құрамның жұмысы


Aлeкс Фeргюсонның артынан әйгілі шотландықтың бүкіл көмекшілері кетіп қалды. Ал Мойес шақырған көмекшілердің бірде-бірі жоғары деңгейдегі командамен істес болып көрмеген. Бір сөзбен айтқанда, тәжірибелері жоқ. Сондықтан жақын арада "МЮ"-ге бұрынырақта ойнап кеткен кәрі тарлан ойыншылардың бірі шақыртылуы мүмкін. Немесе клубтың ішкі есебімен жақсы таныс ойыншы келуі ғажап емес. Ол қатарда жақында ғана мансап жолын аяқтаған "Эвeртoнның" экс-капитаны Фил Нeвилл тұр.

5. Клубтың ішкі аурасы


Басылымның сөзіне сенсек, "Мaнчeстeр Юнaйтeд" ойыншылары Мoйeстің тізгін ұстағанына жақсы лебіз білдірген. Алайда, Фeргюсoн билеп-төстеген құрметті шотландық маман иелене ала ма екен деген сұрақ туындайды.

Ең алдымен, Мoйeс клубтың "қызыл сойқандары" Риo Фeрдинaнд пен Рaйaн Гиггзбен ортақ тіл табыса отырып, қосалқы құрамда көңілдері көншімейтін (Руни мен Эвра) ойыншылармен мәмілеге келуі қажет.

* * * * 

Мoйeс білікті бапкер ретінде өзін 10 шілде күні көрсетуге тырысады. Сол ойынның аяқталысымен, командада кішігірім ауыс-түйістер орын алмақ екен.

Cурет: 24smi.org; ukrnews.biz; www.sports.ru; ojde.biz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига