Мессидің достары Неймардың командасын жеңді (видео)

Мессидің достары Неймардың командасын жеңді (видео)

Лимеде (Перу) өткен қайырымдылық матчында Лионель Месси мен бразилиялық Неймардың достары бір-біріне қарсы тұрды. 

Мессидің қайырымдылық қорының есебінде өткізілген ойын 8:5 есебімен аргентиналық сұрмергеннің пайдасына аяқталды. Қай жолғыдай, қос жақтың өкілдері жейделерін ауыстыру арқылы ойын көркін қыздыра түскен. 

Жеңімпаздар сапынан Месси (11-ші және 37-минут), Дани Алвес (14-минут), Даниэль Освальдо (24), Пабло Аймар (41), Эсекьель Лавесси (45, 59), Диего Буонанотте (55) көзге түссе, жеңілгендердің қатарынан Гастон Рамирес (49), Неймар (48, 68), Флоран Малуда (49), Дани Алвес (62, пенальтиден) секілді ойыншылардың аты аталған.

Бір айта кетерлігі, "Барсаның" су жаңа ойыншысы Неймар 39-минутта 11 метрлік айып добынан мүлт кетіпті.

Мессидің командасына бас бапкері болып Ресей құрамасының жаттықтырушысы италияндық Фабио Капелло бекіген болса, Неймар бастаған ойыншылардың тізгіні бразилиялық танымал маман Зикоға бұйырған. 



сурет:m.rsport.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жүзіктің денсаулыққа пайдасы
Жүзіктің денсаулыққа пайдасы
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
ER-BATYR: Қ.Бейсекеев тұрмыстық зорлық-зомбылық, жеңіл ақша және алдағы жобалары жайлы сөз қозғайды
ER-BATYR: Қ.Бейсекеев тұрмыстық зорлық-зомбылық, жеңіл ақша және алдағы жобалары жайлы сөз қозғайды
Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал