Маусымаралықтағы ең қымбат ауысымдар

Маусымаралықтағы ең қымбат ауысымдар

Маусымаралықта орын алған ең атышулы ауысымдар назарларыңызда.

* * * *

Фалькао  «Атлетикодан» «Монакоға» 60 миллион еуроға барды.

«Барселона» «Сантостан» Неймарды 57 миллион еуроға сатып алды.

«Монако» «Портудың» колумбиялық ойыншысы Хамес Родригес үшін 45 миллион еуро төледі.

Фернандиньоның «Шахтердан» «Манчестер Ситиге» ауысымы 40 млн еуроға түсті.

«Бавария» дортмундық «Боруссиядан» Марио Гетцені 37 миллион еуроға сатып алды.

«Малаганың» көшбасшы жұлдызы Иско «Реал» мен «Ман Ситидің» арасында таңдау жасап жүріп, ақыры испандықтарды қолайлы көрді. «Мадридтіктер» 27 млн ​​еуроға шығындалды.

«Портудың» тісқаққан ойыншысы Моутинью «Монако» үшін 25 миллион еуроға түсті.

Андре Шюррле «Байерден» «Челсиге» ауысты - 22 млн еуро.

Хесус Навас «Севильиядан» «Манчестер Ситиге» - 20 млн еуро.

«Вест Хэм» Энди Кэрроллды «Ливерпульдан» 17,5 млн еуроға сатып алды.

«Шахтер» бір бразилиялықтарды сатып, бір бразилиялықтарды сатып алып жатты. Жартылай қорғаушы Фред (құрамадағы ойыншы емес) «Интернасьональдан» 15 миллион еуроға келді.

сурет:www.axortagos.gr 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Л. Лига