Конфедерация Кубогы. Висенте дель Боске: «Бразилия – финалдық матчтың фавориті»

Конфедерация Кубогы. Висенте дель Боске: «Бразилия – финалдық матчтың фавориті»

Испания құрамасының бас бапкері Висенте дель Боске Конфедерация Кубогының жартылай финалы аясында Италиямен болған ойыннан кейін өз командасының ақтық сында фаворит еместігін мәлімдеді. 

Естеріңізге салсақ, Форталезеде Италиямен өткен кездесудің негізгі уақыты тең есеппен 0:0 болып аяқталды. Қосымша 30 минутта да олар бір-біріне доп соға алмады. Ал матч соңындағы пенальтиде 7:6 есебімен Испания жеңіске жетіп, Бразилиямен финалда кездесуге жолдама алды. 

"Бразилия - финалдық матчтың фавориті. Бұл команда - Әлем Кубогын бес рет, ал Конфедерация Кубогын үш рет жеңіп алды. Ал біз өз кезегімізде олармен "Мараканада" күш сынасып көреміз. Ең бастысы біз финалға шыққанымызға өте қуаныштымыз. Біз финалға дейін біраз тынығып, оптималды қалпымызға келуіміз керек. Ол үшін алда үш күн уақытымыз бар. Жартылай финал кезінде біз алаңда 120 минут уақыт өткіздік. Алайда біздің командадағы ойыншылардың көбі өз клубтарында аптасына екі реттен ойын өткізіп жүр. Сондықтан команда финалға толық дайын болады деп сенемін.

Матчта кімнің допты көбірек ұстайтынын білмеймін. Әрине біз ойынды тезірек өз бақылауымызға алуға тырысамыз. Италиямен болған ойында біз алаңның көптеген тұсында қателік жасап, соның нәтижесінде олар матчта жеңіске жететіндей гол соғатын мүмкіндіктер жасай алды.  

Бразилия сапында Дани Алвес пен Марсело сияқты тамаша ойыншылар бар. Олардың ойынды 180 градусқа дейін өзгерте алатындай мүмкіндігі бар. Ал Неймар - ғажап футболшы. Алаң ортасында да Бразилияның кемшін тұстары жоқ. Сондықтан олардың қатарынан осал ойыншы көріп тұрған жоқпын",-деп мәлімдеме жасады баспасөз мәслихатында Висенте дель Боске бапкер. 

Айта кетейік, Бразилия мен Испания арасындағы ойын жексенбі 30-маусым күні Рио-де Жанейродағы "Маракана" стадионында өтеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport-xl.net

Б. Қосмағамбет