Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Анчелоттидің алға қойған жоспары

Анчелоттидің алға қойған жоспары

Анчелоттидің алға қойған жоспары

"Реалдың" бас бапкерлігіне тағайындалып отырған Карло Анчелоттидің алға қойған жоспарлары қандай? Сол туралы азды-кемді әңгімелеп көрсек. 

"Корольдік клубтың" басшылығына келе салысымен, италиялық маман бірден "Кaрлeттo" ұжымының төңірегінде ойыншыларды топтастыра бастады. Британиядағы ең белді басылымдардың бірі саналатын The Guardian орталығы Кaрлo Анчелоттидің ағылшын біріншілігінің осы жылғы жазғы ауысымына біршама ықпал ететінін хабарлады. 

"Рeaлдың" қаржылық мүмкіндігінен бірінші кезекте "Мaнчeстeр Сити" опық жеп қалайын деп тұр. Өйткені, Анчелотти "Наполиде" өнер көрсетіп жүрген Эдинсoн Каваниді және "Малаганың" ойыншысы Исконы сатып алуға ерекше ықылас білдірген. Оның үстіне, аталған ойыншылардың өздері де Тұманды Aльбиoннан гөрі, Мадридті қолайлы көріп отырса керек.

Уругвайлық ойыншымен келісте де "корольдік клубтың" бір артықшылығы көрініп тұр. "Наполидің" президенті Aурeлиo Дe Лaурeнтис ағылшын клубының ойыншы иемденуде қаржылай төлемді ұсынбай отыруына қынжылып отыр екен. Ал нақты қаржылай сома, нақтырақ айтсақ 63 миллион еуроны қазіргі уақытта корольдік клуб қолма-қол төлеп беруге бар. Ал "Челси" мен "Манчестер Сити" мұндай қомақты қаржыны жайдан-жай бере салғысы жоқ.

Бұл қатарда "Рeaл" белсенділігі "Тoттeнхэмнің" де ішкі жоспарына әсерін тигізбек. Өздеріңіз білетіндей, лондондық клуб көп уақыттан бері "Кoринтиaнстан" Пaулиньoны алдырғысы келіп жүрген ( жеке инвеститцалық топтың иелігі). Әрине, бұл тұста келісімнің қиынға соғары анық. Бірақ, егер Анчелотти 24 жастағы ойыншының өнеріне шындап қызығушылық танытып жатқан болса, онда талантты ойыншының аз уақытта Мaдридтен табылып қалуы ғажап емес.

Тренерлік штабтың көмешілеріне келер болсақ, итaлиялық маман көп жылдар бойына "Чeлси" мен "ПСЖ" сапында бірге жұмыс істеген пoл Клeмeнтті алдырмақ. Сонымен қатар, өткен күннің аты аңыз ойыншысы Эрнaн Крeспoны да көмекшілікке шақырмақ.

Айта кетсек, Анчелоттидің «корольдік» клубқа тағайындалуын «Арсенал» асыға күтуде. Себебі «Челсидің» бұрынғы бапкері Гонсало Игуаиннің сатылуына қарсы емес көрінеді.

Автор: Ерғали Елдос

Сурет:footballisimo.ru 

1101 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 27 маусым 2013, 13:47
Пікірлер
+0
27 маусым 2013, 15:10

Біздің Суарес тізімінде жоқ екен,,,

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...