"Барса" қорғанысына сегіз үміткер

"Барса" қорғанысына сегіз үміткер

Каталондық "Барселона" командасы орталық қорғаныс бөлігін жақсарту мақсатында, қорғаушылар қарастыруда. Осы бағытта каталондық клубтың вице-президенті Хосеп Мария Бартомеу тынбай еңбектенуде. 

Mundo Deportivo орталыққа қорғанысқа үміткер ойыншылардың жаңа тізімін тізіп беріп отыр: Тиаго Силва (ПСЖ), Даниэль Аггер («Ливерпуль»), Давид Луис пен Бранислав Иванович (екеуі – «Челси»), Томас Вермален («Арсенал»), Ян Вертонген («Тоттенхэм»), Маркиньос («Рома»), Жереми Матье («Валенсия»).

"Барселона" үшін ең басты трансферлік мақсат "ПСЖ" сапында өнер көрсетіп жүрген Тиаго Силваны сатып алу болып отыр. Бірақ әлі күнге париждік клуб 28 жастағы ойыншыны сатуға асықпауда. 

Cурет:sport.news.am

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига