Бразилия - Италия 4:2 (Видео)

Бразилия - Италия 4:2 (Видео)

Бразилия құрамасы Конфедерация Кубогі топтық кезеңінің соңғы турында Италия командасын тізе бүктірді және топта бірінші болып жартылай финалға шықты.

Сенбі күні Сальвадор қаласында өткен А тобы командаларының кездесуі 4:2 есебімен жарыс иелерінің пайдасына шешілді. Бразилия құрамасынан Данте (45-минут), Неймар (55-минут) және екі рет Фред (66және 89-минуттар) Буффон қақпасын нысанаға алса, итальяндықтардан Эмануэль Джаккерини (51-минут) мен Джорджо Кьеллини (71-минут) көзге түсті.

Енді Бразилия құрамасы (А тобында 1-орын) жартылай финалда В квартетінде 2-орынды иеленген командамен кездеседі. Өз кезегінде Итальяндықтар В тобының үздігіне дәлірек айтар болсақ, Испания құрамасына қарсы ойнайтын болады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: rsport.ru

Ж. FM