Игуаин "Арсеналмен" келісімшарт жасасты

Игуаин "Арсеналмен" келісімшарт жасасты

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Гонсало Игуаин  лондондық «Арсеналға» ауысты.

Ағылшын баспасөздері ақпаратына сенер болсақ, Гонсало Лондон қаласына келіп, клубпен жеке келісімшартқа қол қойған. Келісімшартқа сәйкес аргентиналық футболшы аптасына 150 мың фунт жалақы алатын болады. Осылайша, Гонсало клуб тарихындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншы болмақ.

«Арсенал» аргентиналық ойыншыны иемдену үшін «Реалға» 26 миллион евро төлеген. Айта кетсек, Игуаин лондондық клубпен  4 жылдық келісімшартқа отырды.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: gradavirtual.com

Ж. FM