"Қайратқа" ауысқан Еременко трансферінің қаржылық жағы белгілі болды

"Қайратқа" ауысқан Еременко трансферінің қаржылық жағы белгілі болды

Жақында ғана алматылық "Қайрат" клубына ауысқан Финляндия ұлттық құрамасы мен қазандық "Рубиннің" ойыншысы Алексей Еременконың трансферінің қаржылық жағы белгілі болды. Сонымен "Қайрат" бұл ойыншы үшін 176 мың фунт стерлинг төлеген екен. Бұл туралы немістің белді Transfermarkt басылымы хабарлайды. Сондай-ақ онда футболшының құны басында 1,2 миллион фунт болғаны да айтылған. 

Естеріңізге салсақ, Еременконың "Қайраттағы" ресми таныстырылуы 17-маусымда өтті. Сол кезде команданың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев футболшы үшін ешқандай қаржы төленбегенін айтқан еді. 

"Кейбір БАҚ Еременко үшін клуб 1 миллион еуродан аса қаржы жұмсады дегенді жазды. Бірақ бұл ақпарат ешқандай шындыққа жанаспайды. Біздің дәл осындай сома төлеуге шамамыз жоқ. Себебі қазір біз клуб үшін база және балалар академиясы үшін алаң салып жатырмыз. Ал Еременко бізге тегін келді",-дейді Боранбаев. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: brehalovka.net

Б. Қосмағамбет