Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Бауыржан Исламхан елге оралды

Бауыржан Исламхан елге оралды

Бауыржан Исламхан елге оралды

Красноярлық «Кубань» командасының қазақстандық ойыншысы Бауыржан Исламхан жарты жыл көлемінде «Астана» клубында өнер көрсететін болады. Бұл туралы vesti.kz  спорт порталы хабарлайды.

«Астана» командасының бас бапкері Мирослав Беранек Бауыржан Исламханның өз командасына ауысуын басшылардан сұраған болатын. Сондықтан біз красноярлық командамен тез арада келісімшарт жүргіздік. Абырой болғанда, ресейлік команданың басшыларды да бізге Исламханды жалға беруге бірден-ақ келісті», - дейді Бауыржан Исламханның елге оралуына байланысты «Астана» клубының бас хатшысы Дмитрий Нестеренко.

20 жасар Бауыржан Исламхан Қазақстан жастар құрамасының негізгі ойыншысы және капитаны болып саналады. Сондай-ақ ол бірнеше мәрте Қазақстан Ұлттық құрамасына да шақырту алған. Жамбыл футбол мектебінің түлегі Ресейге кетер алдында «Тараздың» намысын қорғап, бұл командада капитандық міндетті атқарған.

Ал 2013 жылдың басында Исламхан «Кубань» командасымен 3 жылдық келісімшарт жасасқан болатын. Бауыржанның Красноярға қоныс аударуына Кубаньның сол кездегі бас бапкері Леонид Кучуктің өзі араласқан еді. Дегенмен, енді бұл маман Кубаньді жаттықтырмайды. Ал командаға жаңадан келген румын маманы Доринел Мунтянудың жоспарында Бауыржан Исламханға орын жоқ екен. Сондықтан да Бауыржан «Астана» командасына келген-міс.  

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 17 маусым 2013, 11:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.